Елордалық украин және неміс этномәдени бірлестіктері «Студенттер» саябағында концерт қойды

Елордалық украин және неміс этномәдени бірлестіктері «Студенттер» саябағында концерт қойды

Елордалық этномәдени орталықтар мерекелік концерт қойды.

Мерекелік демалыс күндерінде Нұр-Сұлтан қаласының Студенттер саябағында қала әкімдігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық топтары елорда тұрғындары мен қонақтарына арнап концерт өткізді.

«Оберег» украиндар қоғамы» және «Возрождение» немістер қоғамы» этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық топтары әдемі әуендері мен ырғақты билерін көпшілікке арнап, саябақта серуендеп жүрген көрермендерді разы етті.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада елордалық Ассамблеяның «Таң» татар-башқұрт этномәдени орталығы», «Лад» республикалық славян қозғалысының филиалы, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының» шығармашылық топтары да дәл осы «Студенттер» саябағында өздерінің концерттік бағдарламаларын көрсеткен болатын.

Back to the list