Моңғолияның Баян-Үлгий аймағында Қазақстанның консулдығын ашу мәселесі қарастырылуда

Елордада Қазақстан мен Моңғолия арасындағы консулдық мәселелер жөніндегі консультациялардың 9-шы отырысы өтті.


Қазақстан делегациясын ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Тауболды Үмбетбаев, ал моңғол тарапын - Моңғолия Сыртқы қатынастар министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Лханаажавын Мунхтушиг басқарды.

Консультациялар барысында тараптар екі елдің заңды және жеке тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау, Қазақстан мен Моңғолия аумақтарына екі ел азаматтарының кіру/шығу және болу тәртібі, азаматтарды әлеуметтік қорғау, екі елдің әділет министрліктері арасындағы ынтымақтастық, есірткі қылмысына қарсы күрес, сондай-ақ Моңғолияның Баян-Үлгий аймағында Қазақстанның консулдық мекемесін ашу және басқа мәселелерді талқылады.

Бұған қоса, тараптар екі елдің үкіметтері арасындағы Моңғолия аумағында тұрақты тұратын Қазақстан азаматтарының және ҚР аумағында тұрақты тұратын Моңғолия азаматтарының азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен алуы және тоқтатуы, азаматтығы жоқты және қос азаматтық жағдайларына жол бермеу туралы келісімнің, сондай-ақ, 1993 жылғы 22 қазанда жасалған Қазақстан мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету Шартқа өзгерістер енгізу туралы Хаттаманың жобаларын талқылады.

mfa.gov.kz

Back to the list