Ш. Нурумов: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша тарихымызды зерделей түсуіміз керек

Қазақстан халқы Ассамблеясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі депутаттық тобының отырысында Шаймерден Нурумов сөз сөйледі.

Ол Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың ант беру рәсімінде ел болашағын жаңғырту, халықтың хал-ахуалын жақсарту, ел қауіпсіздігін нығайту жөнінде айтқандарына тоқталды.

«Алдымызда тұрған үлкен жұмыстардың бірі – ол мемлекетімізде тұрақт

ылықты сақтау, ауызбіршілікті, этносаралық ынтымақты одан әрі күшейту», – деді Ш. Нурумов.

Сонымен қатар депутат егемендік алғаннан бері Елбасы Н.

Назарбаевтың дана саясатынның арқасында Қазақстанда тұрып жатқан ұлттар тату өмір сүріп отырғанын атап айтты.

«Тәуелсіздік алған жылдарда ТМД-ғы кейбір елдер сияқты Қазақстанда әрқилы қақтығыстар болған жоқ. Бұл тұрғыда Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі зор. Елбасы бірлігіміздің нығаюына көп күш жұмсады. Президент Қ. Тоқаев та өзінің ант беру рәсімінде осы саясаттың қалыпты болуына ықпал ететінін білдірді. Ендігі алдымызға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін бізге қажеті – еліміздегі тыныштық пен бірлік, достық пен ынтымақ, этносаралық бауырмалдық. Отанымыздағы ауызбіршілікті көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек», – деді депутат.

Әлемде бес мыңға тарта этнос өмір сүріп жатыр. Олардың ішінде тек екі жүзге жуығында ғана өзінің дербес мемлекеті бар. Демек қалғанында өзінің тұрақты мемлекеті жоқ деген сөз.

«Бізге берген бақыттың қадірін біле отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша тарихымызды зерделей түсуіміз керек. Нұрсұлтан Әбішұлының салиқалы саясатының арқасында бүгінде Қазақстан әлемге әйгілі», – деп атап өтті Ш. Нурумов.

Сөз соңында ол сырттан келетін арандатушылыққа жол бермеу үшін Қазақстандық патриотизмді нығайту керектігін айтты.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Back to the list