Таразда семинар-тренинг барысында «Цифрлық азаматтың» шексіз мүмкіндіктері түсіндірілді

Таразда семинар-тренинг барысында «Цифрлық азаматтың» шексіз мүмкіндіктері түсіндірілді

Тараз қаласының Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ мен Халыққа қызмет көрсету орталығының бірлесуімен «Цифрлы азамат» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары  «Цифрлы Қазақстан»  бағдарламасы бойынша маңызды тұстарын түсіндіріп, «Цифрлы азамат» тренингтерін өткізу арқылы бірқатар мәселелерді көтеріп, жиналған жұртшылықтың цифрлық сауаттылықтарын жетілдірді.

ХҚКО Тараз қалалық №2-бөлімінің бас маманы Олжас Боранғазиев өндіріс пен электр энергиясын, көлік және логистиканы, ауыл шаруашылығын, мемлекеттік органдардың ішкі қызметін цифрландыру; электрондық коммерцияны, қаржылық технологияларды және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту; «ақылды» қалалар тақырыптары төңірегінде тренинг өткізді.

Электронды үкіметтің тиімді тұстары өте көп. Біріншіден, уақыт үнемдейді, екіншіден, халық үшін өте қолайлы. «Е-GOV» порталының көмегіне жүгінетіндер саны жылдан жылға өсіп келе жатқандығын түсіндіре келе, «Е-GOV мобильді қосымша» жобасы да бүгінгі күні көпшіліктің игілігіне қарай жұмыс істейтіндігін атап көрсетті. Сондай-ақ, азаматтар  ұялы телефон арқылы баспана кезегін бақылап, мекен-жай анықтамасына немесе билетке тапсырыс бере алатындығын да анықтап түсіндірді.

7-20-25 мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша жастар сандық форматта құжаттар пакетін интернет арқылы ұсына алатынын білсе, ересектер аурухана, балабақша, мектептерге кезекке тұру сияқты жұмыстарын үйден шықпай-ақ ХҚКО-дан қолма-қол көмек ала алатындығынан хабардар болды. 

Back to the list