Қызылордада ауылшаруашылық саласында білім алушы жастар үшін Тәлімгерлер клубы ашылды

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Достық үйінде «Жаңғырған ауыл» жобасының жүзеге асуына ат салысу мақсатында ауыл шаруашылығы мамандарының жастармен кездесуі өтті.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, кездесудің діттеген мақсаты – жастарды ауыл шаруашылығы мамандықтарына бейімдеу бағытында тәжірибелі ауыл шаруашылығы мамандарының даярлау курстарын ұйымдастыру.

 MW6A7972.JPG

Кездесу барысында ауылшаруашылық саласы бойынша білім алушы жастар үшін арнайы Тәлімгерлер клубы ашылды.

Ауыл шаруашылығы саласының ардагері Дүйсен Прімқұлов, Ы.Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Құрманбек Бәкірұлы жастармен тәлімді әңгімелерімен бөлісіп, өз салаларына қатысты өмірлік тәжірибелерін ортаға салды.  

Жастар ауыл шаруашылығы мамандарына өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, тәжірибелеріне қажет құзыретті мамандардың жауаптарын алды.

Back to the list