ЖЕҢІС ҮШІН АЛҒЫС: МЫҢДАҒАН ЕЛОРДА ТҰРҒЫНДАРЫ «ЖАУЖҮРЕК ПОЛК» САБЫН ТҮЗЕП ШЫҚТЫ

ЖЕҢІС ҮШІН АЛҒЫС: МЫҢДАҒАН ЕЛОРДА ТҰРҒЫНДАРЫ «ЖАУЖҮРЕК ПОЛК» САБЫН ТҮЗЕП ШЫҚТЫ

Елордада Ұлы Жеңістің 74-жылдығы «Қазақ елі» алаңынан «Отан қорғаушылар» мемориалына дейінгі шерумен атап өтілді.

 

«Жаужүрек полк» маршына үлкен буын ғана емес, жастар да белсенді қатысты.

Жарқын болашақ үшін аянбай соғысқан жауынгерлердің бүгінде  немерелері мен шөберелері аталарының портреттерін ұстап шықты.

Ұрпақтардың ризашылығын білдіретін «Жаужүрек полк» маршы соңғы бес жылдан бері өткізіліп келеді, биыл қатысушылар саны жиырма мың адамды құрады.

«Жаужүрек полк» Тәуелсіздік даңғылымен жүріп келеді.  

Күннің ыстығына қарамастан, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан туыстарының фотосуреттерін, гүлдерін және шарларын ұстап он бес сап Тәуелсіздік даңғылы бойындағы «Қазақ Елі» монументі маңынан жүріп өтті.

 

Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмайды.

Жеңіс күні  – ұрпақтарды жақындастыратын және біріктіретін мереке.

Дәстүрлі марш «Отан қорғаушылар» мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімімен аяқталды.

Тәуелсіз Қазақстанның балалары аталарының ерлігін біледі және Ұлы Жеңіс үшін алғысын айтады.

 

Балалар мен жастар – Қазақстанның болашағы – әрдайым біліп жүреді және өткенге бас иеді.

Ата-бабаларымыздың ерліктері туралы естелікті сақтап, өскелең ұрпаққа оны жеткізеді.

Іс-шараның жалғасы ретінде «Студенттер» саябағында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, онда әскери шатырлар орнатылды, ардагерлер мен тыл еңбеккерлері үшін мерекелік дастарқан жайылды.

«Отан қорғаушылар» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі.

 

Біздің Қаһармандарымыз, ерліктеріңіз мәңгілік жадымызда. Өткенді ұмытпаймыз және жарқын болашақ құрамыз.

 

Back to the list