Роман Ким, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

Версия для печати

Қазақстан-Корея бизнес форумы - шамамен 15 елдің өкілдері бір-бірімен әріптестік байланыс орнату мен тәжірибе алмасу үшін ауқымды алаң болуға арналған ірі халықаралық іс-шара. Форумға қатысушылардың барлығы - іскерлік байланыстарды және бизнесті дамытуға, әсіресе халықаралық деңгейдегі кәсіпкерлік бойынша жеке қарым-қатынастың маңыздылығын түсінетін ірі және орта кәсіпкерлер.

Мұндай іс-шараларда біздің әріптестерге Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын көрсетеміз. Әрбір қатысушы - бұл біздің әлеуетті әріптес, инвестор болып табылады. Сондықтан, біз форумның сапалы мазмұнға толы болуына баса назар аудардық.

Іс-шараға біздің тарапымыздан корей этносының беделді өкілдері қатысты. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» туралы айтар болсақ, менің ойымша, үлгі тұтуға шын мәнінде лайық ондаған есімді ұсына аламыз деп сенемін.

Менің ойымша, елдің дамуына елеулі үлес қосқан адамдарды бұл тізімге бірінші кезекте енгізу керек. Біздің құрметті қонақтарымыздың арасында осындай адамдар көп. Мысалы, Юрий Цхай - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, таңдаулы боксшылар шоғырын тәрбиелеп, әлі күнге дейін біздің елімізде спорттың дамуына баға жетпес үлес қосып отыр. Бронислав Шин - жүздеген шақырым жолдар салған, еңбек сіңірген құрылысшы, атап айтқанда, Қазақстанның жаңа көлік жүйесін құрды. Ең бастысы, бізде шын мәнінде мақтан тұтуға лайық адамдар бар.