Игорь Ли, «Қазақстан корейлері жастарының қозғалысы» ҚБ төрағасы

Версия для печати

Қазақстан-Корея ынтымақтастық форумы - бұл шетелдік әріптестеріміздің біздің елімізді көруге, даму мүмкіндіктерін бағалауға және олардың негізгі міндеті - біздің инвестициялық ахуалды сезінуге мүмкіндік беретін бірегей шара. Бүгінгі шараға шамамен 200 бизнесменді шақырдық. Өз кезегінде, қазақстандық тарап біздің «экономикалық қонақжайлылықты» көрсету үшін екіжақты және көпжақты байланыстар бойынша барлық мүмкіндіктерімізді пайдалана отырып, біздің корей әріптестер үшін қайтадан «Қазақстанды ашуы» қажет. Аталған форум Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап өткеніндей, біздің еліміздің шетелдерде танылуына ықпал ететініне сенімдімін.