«Сарқыт» қайырымдылық акциясы Таразда жалғасты

Версия для печати

Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдауға бағытталған 2019 жылға арналған іс-шаралар легі басталып кетті. Өткен жылы «Қайырымдылық керуені»  атауымен көптеген игі істердің басынан табылған жоба биылғы жылы  «Мейірімділікпен бірлікке!» атты ұранымен өтуде.

Аталған акцияны Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Достық үйі ғимаратында «Сарқыт» қайырымдылық акциясымен бастады.

«Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігі көп балалы және әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, сондай-ақ мүгедек балаларға арналған қайырымдылық шыршасын ұйымдастырып өткізді.

Сонымен қатар, поляк, күрд, еврей, әзірбайжан этномәдени бірлестіктері рождестволық мерекелер қарсаңында «Жағдайлары қиын балаларды қолдау орталығының» тәрбиеленушілеріне жаңажылдық сыйлықтар мен тәттілер табыс етті.

Облыстық ассамблеясы жыл сайын жаңа жыл мерекесі кезінде балаларды қуантып, бүлдіршіндерге базарлық таратуды игі дәстүрге айналдырған. Сонымен бірге Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектептің тәрбиеленушілерін де назардан тыс қалдырған жоқ. Еліміз бойынша небәрі 7арнайы мектептің бірі осы Тараз қаласында орналасқан. Тәртібін түзеп, тәрбиесін жақсартуға ниеттілерді жиған арнайы мектеп бүгінде 30 жуық тәрбиеленушіге жағдай жасап отыр. Жасөспірімдер мен баларларды құттықтап, жаңажылдық сыйлықтарын табыс етуге барған облыстық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдеріне, ҚХА Аналар кеңесіне, "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысының жастарына арнайы мектеп тәрбиеленушілері мерекелік концерттік бағдарламаларын әзірлеп ұсынды.

Add new comment

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Web page addresses and e-mail addresses turn into links automatically.
  • Lines and paragraphs break automatically.