«БАХАР» АНСАМБЛІ МӘСКЕУДЕ ХАЛЫҚ БИІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ

Версия для печати

Мәскеуде 3-4 ақпан күндері алғаш рет ресейлік «Folk of dance» халық биі бойынша телевизиялық жоба өтті.

Іріктеу турлары Ресей мен ТМД, Еуропаның он екі қаласында өтіп, оған мыңнан астам биші, турасын айтқанда, жүзден астам би ұжымы қатысты. Оның қатысушылары – әлемнің жиырма бес елінің өкілдері әлемнің үздік би ұжымы атағына бақ сынасты. Нәтижесінде алты номинация бойынша Гран-при иегерлері анықталды.

Осы беделді байқауда Қазақстанды «Бахар» кавказ би ансамблі таныстырып, нәтижесінде аралас ұжым номинациясы бойынша сайыста Гран-приді иеленді.

«Бахар» ансамблі – бұл көпұлтты ұжым (дағыстандықтар, орыстар, қазақтар, түріктер, әзірбайжандар, ұйғырлар, армяндар, кәрістер).

Ұжым мүшелері көрермендер мен жанкүйерлерге сұлулық, пластика, қимыл үйлесімділігінің арқасында көптеген жағымды эмоциялар мен сергектік қуатын сыйлады. Ал сахнада көптеген ұжымдарды көріп жүрген тәжірибелі қазылар алқасы мүшелерінің көңіл-күй толқуынан көздеріне жас алулары – сөзсіз көп дүниені ұқтырғандай.

«Мемлекеттің ажары ең алдымен бұл – спорт, әдебиет, өнер, содан кейін ғана саясат. Дәл осындай кішкентай ұжымдар елді даңққа бөлейді. Өзінің жарқын, есте қаларлық өнер көрсетуімен ұжым мүшелері Қазақстан – таланттар мекені және ең бастысы, көпұлтты және тату ел екенін тағы бір рет көрсетіп, дәлелдеді. «Folk of dance» халық және халық-стильдік би халықаралық конкурсының Гран-приін жеңіп алып, Ресей сахнасында Қазақстанның туын желбіреткені үшін кеудені мақтаныш кернейді», – дейді «Бахар» ансамблінің көркемдік жетекшісі және жаттықтырушысы Рита Асланова.

Кіші құрамның елуден астам бишілері осы беделді телевизиялық би жобасында Қазақстанды таныстырды.

«Біз балаларға барлық махаббат пен күш салған бас жаттықтырушы – Рита Асланованы мақтан тұтамыз. Жыл сайын «Бахар» ансамблі көрермендерді әсерлі бимен, кәсіпқойлықпен, жарқын костюмдермен баурап алады», – деді Қазақстан халқы Ассамблеясы сайтына Алматы Достық үйінің директоры Жанна Шаймұханбетова.

Бүгінгі күні Ансамбль құрамында үш жүзге жуық адам бар, оның ішінде үлкендер құрамында – сексенге жуық адам, кіші құрамда – екі жүзге жуық адам. Ансамбль 2002 жылы құрылған және әзірбайжан этномәдени орталығының құрамына кіреді.

Жеңімпаз ансамбль ағымдағы жылға үлкен жоспар құрып отыр. Әлден түрлі деңгейдегі би конкурстарына қатысуға шақырту алып жатыр. Олардың қатарында Грозный (қыркүйек), Тбилиси (маусым), Санкт-Петербург (2 наурыз), Минск (ақпан айының соңы), Дубай (шілде) бар.

«Әрине барлық конкурстарға қатысуға ниеттіміз. Өкінішке орай көптеген конкурстарға қатысудан бас тартуға тура келеді. Біріншіден, мерзімдері қысады, екіншіден, қаржыландыруды шешу керек, онсыз болмайды», – деп, жоспарларымен бөлісті Р. Асланова.

Дата события Ассамблеи: 
Monday, 11 February, 2019

Add new comment

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Web page addresses and e-mail addresses turn into links automatically.
  • Lines and paragraphs break automatically.