Assembly of People of Kazakhstan

6897

Мухаббат Турдыева: Халық тыныштығы, бірлігі, ынтымағы, ауызбіршілігі Президенттің басты назарында

Мемлекет басшысы алғашқы Жолдауында ішкі саяси мәселелер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жандандыру, халықтың хал-ахуалын көтеру, әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударды. Бұл өз кезегінде көпшіліктің көкейінде жүрген сан түрлі сауалдарға жауап болды.

Сондай-ақ, Президент Жолдау барысында қазақ тілі мәртебесі турасында да сөз қозғады. Бәрінен бұрын заң бұзушылар мен адамзаттың жеке басына келетін қылмыстық әрекеттерге қарсы жаза қатаңдығын одан әрі күшейту туралы үкімет басшыларына арнайы тапсырмалар берілді.

Қазір шындығын айтқанда адам саудасы, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, балаларға қатысты педофильдік ауыр қылмыстар өршіп тұрған заман. Ешкім халықтың тыныштығын бұзуға қақы жоқ. Себебі, халық тыныштығы, бірлігі, ынтымағы, ауызбіршілігінің бекемдігі басты назарда болу керек. Міне сондықтан да мұндай қылмыстардың басын қайтару кезек күттірмес міндет. Менің санамдағы Президент халық қамын ойлайтын, ел мүддесін көздейтін, халықтың болашағына, мамыражай өмір сүру салтына мүмкіндіктер туғызатын және жағдай жасайтын ерекше тұлға.

Жолдауда тағы да жанымызға жай таптырған, шешуін тапқан бір дүние – Президент жердің шетелдіктерге сатылмайтынын айтты. Бұл мәселе дәл осы күнге дейін көптің көкейіне күдік ұялатқаны белгілі. Енді алдағы уақытта жай жатқан жер болмайды. Бәрі халық игілігіне беріледі. Ал, мемлекеттен жерді тегін алғандар оны кәдеге айналдырмаса қайта тәркіленетінінде жасырмады. Жалпы, мемлекет басшысының Жолдауы көкейдегі көп сауалға жауап болды.

Мухаббат Турдыева,

Жамбыл облыстық ұйғыр

этномәдени бірлестігінің жетекшісі

Back to the list

TOP NEWS