Assembly of People of Kazakhstan

2548

Рано Убайдуллаева: Ұлы Даланың кең байтақ жері шетелдіктерге сатылмайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда бес маңызды қадамды тізбектеді, оның әрбірі өз бетінше халықтың жағдайын, әл-аухатын жақсартуға бағытталған. Солардың ішінде қазақ тілінің мәртебесін көтеру, тілді одан әрі дамыту турасындағы тұжырымы көңілімізге жылу ұялатқандай.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ұлттың бірлігі және елде этностық топтардың тілдері мен мәдениетін дамыту үшін жағдай жасалатынын атап өтті. Сондай-ақ, Ұлы Даланың кең байтақ жері шетелдіктерге сатылмайтынын айтты. Бұл шешімі қара халықтың көкейіндегі қыжылын басып, көңілін орнына түсірді. Ата-бабадан қалған асыл мұра ұрпаққа ғана тиесілі емес пе?! «Еңбек етем, егін орам!» дегенге жер жетеді, тек соны тиімді пайдалану керектігін де ескертті.

Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл Жолдауы жасқа да, кәріге де тиімді, жан-жақты тың дүниеге толы құжат болды. Бәрінен бұрын жастардың жұмылған жұдырықтай тізе біріктіре жұмыс істеуі мені қуантады. Оларға қараған сайын ертеңге сенімділігім артады. Осы орайда биылғы жылды «Jastar jyly» деп атауымыз оларға қанат бітіргендей, мемлекетімізде жастарға деген сенімнің ерекшелігін сезіндіргендей.

Жалпы ел үшін, жер үшін, болашақ үшін Президенттің осынау Жолдауы қоғамды қозғап, көңілге күдік ұялатқан, ел көкейінде тұрған сан түрлі сауалға жауап болды. Енді ел даңқы артып, мерейі үстем бола түседі деген сенімдемін.

Рано Убайдуллаева,

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы

Back to the list

TOP NEWS