Assembly of People of Kazakhstan

"Қоғамдық келісім" РММ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесі 

"Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады және елдегі этносаралық қатынастарды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырумен, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ұйымдастырумен және оның іс-шараларын өткізумен айналысады.

Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы Жарлығына сәйкес құрылды.

Кейін мекеменің атауы өзгертілді: 

· 2020 жылғы 2 мамырдағы №316 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, мекеме «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесі» атауынан «Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне» бағынысты мекеме болып өзгертілді.

· 2023 жылғы 13 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі міндетін атқарушының №369-НҚ бұйрығына сәйкес мекеме «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне» бағынысты мекеме ретінде қайта аталды.

· 2023 жылғы 10 қарашадағы министрі міндетін атқарушының №436-НҚ бұйрығына сәйкес – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі. атауына ие болды

Мекеме қызметінің негізгі бағыттары: 

·  Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру;

· Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту мақсатында этномәдени бірлестіктермен және өзге де қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау және ынтымақтастық орнату;

· Өңірлік «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемелерімен этносаралық қатынастар саласында өзара әрекеттесу;

· Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру мен ілгерілетуге бағытталған ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

Байланыс деректері:

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы,

010000, Астана қаласы,

Сығанақ көшесі, 47, 204-кабинет

Телефон: +7 (7172) 74-12-21

Электрондық пошта: baspasoz@qkelisim.kz

TOP NEWS