«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын өткізудің тұжырымдамасы

Версия для печати
 

 

«Мың бала»

республикалық мәдени-ағартушылық жобасын өткізудің тұжырымдамасы

 

«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы түрлі этникалық топтардың мектеп жасына дейінгі балаларға және мектеп оқушыларына қазақ тілі мен мәдени ортасына бой үйретіп, мемлекеттік тілді меңгеруіне, қазақтың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бойына сіңіру мүмкіндіктерін көздейді.

«Мың бала» жобасының бағдарламасы «мәдени-тілдік бой үйрету» халықаралық тәжірибесінің нәтижелерін ескере отырып құрылғандықтан,  барлық қатысушылардың мәдени және тілдік ортаға толығымен ұйысуына мүмкіндік береді: мемлекеттік тілде фильмдер мен мультфильмдер көреді, шығармашылық жобалар қорғайды, театрландырылған қойылымдар көрсетеді, конкурстар мен сайыстарға қатысады.

Жобаны өткізу мерзімі:

Жоба 2015 жылғы 6 ақпанда басталып 1 желтоқсанға дейін жыл бойы жалғасады.

Жобаның мақсаты:

Тілдерді жеделдете оқытудың «Тілдарын» әдістемесі бойынша «Сиқырлы қалам» инновациялық әдістемелік кешенінің және басқа да озық тіл үйрету құралдарының көмегімен түрлі этностық топтардың балаларына мемлекеттік тілді үйрету.

Жобаның міндеттері:

-  қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайту факторы ретінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру;

- мемлекеттік тіл мен қазақ халқы мәдениетінің біріктіруші рөлінің негізінде өскелең ұрпақты әлеуметтендіру;

-  мемлекеттік тілді оқытудың сапасын арттыру;

- тіл, мәдениет, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар арқылы балалардың бойында толеранттылық қарым-қатынас әдебін қалыптастыру.

Жоба бағдарламасы:

  1. Тіл мектебі: «Тілдарын» әдістемесі бойынша қазақ тілін үйретудің авторлық курстары;
  2.  «Кемеңгер» шығармашылық академиясы: 2015 жылдың атаулы күндеріне арналған мектеп оқушылары мен студент жастар арасында қазақ тілінде өтетін шығармашылық жобалар конкурсы;

    3. «Жас шешен» мектебі: шешендік өнерді дамыту тренингі – аз уақыт ішінде шешендік өнердің негіздерін игеріп, қарым-қатынас шеберлігін шыңдайтын тиімді курстар мен коммуникативтік тренингтер;

  1. «Көңілді балалар» ойын алаңы: демалыспен ұштастырылған ұлттық және спорттық ойындар, конкурстар мен викториналар;

     5. «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем»: мемлекеттік тілде келесі бағыттар бойынша конкурстар өткізу: Қазақстан халқының бірлігіне арналған эссе, өлеңдер мен тақпақтар жазу.

Жобаның өткізілетін орны мен уақыты:

«Мың бала» жобасы Қазақстанның барлық өңірлерінде 2015 жылғы 6 ақпаннан бастап 1 желтоқсанға дейін өткізіледі.

Жобаны орындаушылар:

Облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері, этномәдени бірлестіктер.

Ақпараттық қамтамасыз ету:

Жоба туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде ақпарат тарату көзделген. Қазақстан халқы Ассамблеясының www.assembly.kz ресми сайтында арнайы бет жұмыс істейді. Онда «Мың бала» жобасының жаңалықтары, оқытушыларымен, қатысушыларымен, әріптестермен жүргізілген сұхбаттар орналастырылады. Қорытынды баспасөз мәслихаттарын өткізу жоспарлануда.

Күтілетін нәтиже – интерактивті оқыту нысанында ауызша сөйлеп машықтану арқылы тілді тез үйрету.

Жобаны іске асыру нәтижесінде:

1) «Мың бала – татулық тірегі!» атты деректі фильм шығарылады;

2) 1000 мектеп оқушысы – қазақ тілінде еркін сөйлейтіндердің және мемлекеттік тілді үйретуді насихаттайтын еріктілердің қатарында болады;

3) «Қазақстан – менің елім!» жобасына қатысушылардың шығармашылық жұмыстарының жинағы жарияланады.

5 миллионнан астам респондент осы жоба туралы телехабарлар, радиорепортаждар, дөңгелек үстелдер, баспасөз мәслихаттары арқылы танысады және «Мың бала» жобасының әріптестері болады.

 

___________________

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.