Н.Ә.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісіне арналған ғылыми жобаға конкурс өткізу ЕРЕЖЕСІ

Версия для печати
 

 

Н.Ә.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық

пен қоғамдық келісімнің  қазақстандық үлгісіне арналған

 ғылыми жобаға конкурс өткізу

ЕРЕЖЕСІ

 

1.Жалпы ережелер

1.1. Н.Ә.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің  қазақстандық үлгісіне арналған үздік  ғылыми жобаға конкурс(бұдан әрі - Конкурс) Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын  ұйымдастыру және өткізу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1223 қаулысымен бекітілген Ұлттық іс-шаралар жоспары, ҚХА-ның (2020 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын жүзеге асыруаясында өткізіледі.

1.2. Конкурстың құрылтайшысы - Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Конкурстың ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім»РММ.

1.3. Осы Ереже конкурсты өткізу тәртібін және жобаларды іріктеу талаптарын анықтайды.

1.4. Конкурстың басталуы туралы 2015 жылғы 6 ақпанда ҚХА жылының салтанатты ашылуы рәсімінде жарияланды.

 

2. Конкурстың мақсаты мен міндеттері

2.1. Конкурс:

  • Н.Ә.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің  қазақстандық үлгісін ілгерілету мақсатына ғылыми қауымдастықтың назарын аудару;
  • Қоғамдық келісімнің тұжырымдамалық үлгісін қалыптастыру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының, монографиялардың, оқу-әдістемелік құралдардың басылып шығарылуына қолдау көрсету мақсатында өткізіледі.

2.2. Конкурс өткізудің негізгі міндеті - танымал қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың, жоғарғы оқу орындарыдокторанттары мен магистранттарының толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық тәжірибесін ілгерілету идеяларын жинақтауға бағытталған ғылымиізденіс жобаларына қолдау көрсету.

 

3. Конкурсқа қатысушылар

3.1. Конкурсқа Қазақстанның қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жоғарғы оқу орындарының докторанттары мен магистранттары, ғылыми–зерттеу орталықтарының қызметкерлері, ғылыми–сарапшылық қауымдастықтардың өкілдері  қатыса алады.

3.2. Әрбір ізденуші тек  бір өтінім бере алады.

 

4. Конкурс басшылығы

4.1 Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа жалпы басшылық жасайды (бұдан әрі  – Ұйымдастырушы).

4.2. Конкурстарды өңірлерде Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылықтары мен облыстардың,  Астана мен  Алматы қалаларының «Қоғамдық келісім» КММ-і ұйымдастырады.

4.3. Ұйымдастырушы:

         -    осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

  • сарапшылық комиссияның құрамын және өтінімдерді бағалау жүйесі мен талаптарын бекітеді;
  • конкурстың өткізілу тәртібін анықтайды және конкурс жеңімпаздарын марапаттауды қамтамасыз етеді;
  • конкурс қорытындыларын бекітеді;
  • www.assembly.kzсайтында конкурстың жариялануы туралы ақпарат орналастырады, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы конкурстың қорытындылары туралы ақпарат береді.

4.4.Конкурс жеңімпаздарын анықтау барысында Ұйымдастырушы қатысушылардан қосымша ақпарат алуға құқылы.

4.5. Сараптау комиссиясы жобаларды іріктейді және Ұйымдастырушыға дауыс беру нәтижелерімен бірге отырыстар хаттамасын тапсырады.

 

5. Конкурсты өткізу тәртібі мен мерзімі

5.1. Конкурс 2015 жылғы 6 ақпаннан бастап желтоқсанға дейінөткізіледіжәнеIII кезеңнен тұрады:

- өңірлік кезеңі Астана және Алматы қалалары мен облыстар деңгейінде конкурстық өтінімдерді жинау мен талдауды қамтиды. Конкурсқа қатысу туралы өтінімдер 2015 жылғы ақпан айынан бастап 20қыркүйекке (қоса есептегенде) дейін өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ-не немесе Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылықтарына жіберіледі. Конкурсқа жіберілген жобаларды талдау қорытындысы бойынша, іріктелген өтінімдер конкурстың республикалық кезеңіне  жіберіледі;

- республикалық кезең – 2015 жылдың қазан–қараша айларында өткізіледі. Конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздары 2015 жылғы 1 қазанға дейін нысан бойынша өтінім-негіздемені (1 Қосымша) өңірлерден түскен жобаларға талдау, бағалау және Конкурс жеңімпазын анықтайтын Ұйымдастырушының мекенжайына жібереді;

- үшінші кезең – жеңімпаздарды марапаттау, 2015 жылғы желтоқсан айында өткізіледі.

5.2. Қатысушылар конкурс қорытындысы туралы ақпаратты қатысушының көрсеткен мекенжайына жазбаша хабарландырумен немесе электрондық пошта арқылы алады.

5.3.  Конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін келген немесе конкурс талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер конкурсқа қатыстырылмайды.

5.4. Конкурсқа жіберілген материалдарға пікір жазылмайды және қайтарылмайды.

 

6. Конкурстық өтінімді ресімдеу талаптары

6.1.Конкурсқа қатысуға өтінім беру қатысушының осы Ережемен белгіленген конкурсқа қатысу талаптары мен шарттарына келісімін білдіреді.

6.2.Конкурсқа қатысуға түскен өтінім

  • Қатысушы толтырып, қолы қойылған(жеке тұлға үшін); басшының қолы қойылып, мөрі басылып, расталған (заңды тұлға үшін)  осы Ереженің 1 қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған болуы тиіс.

6.3.  Конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстың өңірлік ұйымдастырушысына конкурстың атауы мен жіберушінің мәліметтерін көрсетіп электронды түрде, сонымен қатар, жабық конвертпен жіберуге болады.

6.4.Конкурсқа қатысуға түскен өтінімді конкурсты ұйымдастырушы өтінімнің келген күні мен уақытын көрсетіп, конкурсқа қатысуға тіркейді.

6.5. Конкурсқа қатысуға түскен өтінім осы Ережемен қарастырылған талаптар бұзылған жағдайда қабылданбайды және тіркелмейді.

 

7.Жобаларды іріктеу талаптары

7.1.Конкурсқа этносаясат саласында және қоғамдық келісімді қалыптастыруда ғылыми білімді дамытуға үлес қосатын  ғылыми-зерттеу жобалары, сонымен қатар, инновациялық әдістер ұсынылған жобалар жіберіледі.

7.2.Жобаны бағалау кезінде келесі критерийлер есепке алынады:

- жобаның конкурс мақсаты мен міндеттеріне сай келуі, өзектілігі;

- жобаның инновациялық сипаты;

- жобаны дамыту мүмкіндігі;

- жобаның әріптестік сипаты;

- өтінімді әзірлеу сапасы.

 

8. Конкурс қорытындысын шығару

8.1. Конкурстың қорытындысы ҚХА жанындағы Ғылыми-сараптамалық кеңес отырысында шығарылады (2015 жыл, желтоқсан).

8.2.Ұйымдастырушы конкурс жеңімпаздары туралы мәліметті www.assembly.kz сайтында жариялайды.

8.3. Конкурс жеңімпазы Қазақстан халқы форумында марапатталады (2015 жыл, желтоқсан)

8.4. Үздік жұмыстар кітап ретінде жариялауға, ал авторы шетелдік тағлымдамаға жіберуге ұсынылады.

 

Ұйымдастырушының мекенжайы:

 

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Орынбор к. 8,  (Министрліктер үйі), 13-кіреберіс, 683 каб.Тел.: 8 (7172) 74-12-80.

 

 

 

 

 

 1-шіҚосымша

Өтінім-негіздеме

 

  1. Жоба авторының аты жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі, атағы (бар болса)
  2. Жобаның атауы
  3. Жобаны орындау мерзімі
  4. Жобаның аннотациясы (0,5 беттен аспау керек)
  5. Жобаны орындаудың мақсатқа лайықтылығының негіздемесі (2 беттен аспау керек):
  • зерттеудің мақсаты;
  • өзектілігі;
  • жаңашылдығы;
  • күтілетін нәтиже;
  • тәжірибелік маңыздылығы.
  1. Аталған тақырып бойынша автордың ғылыми дайындығы туралы мәлімет:
  2. Ғылыми жетістіктері үшін марапаттары (медальдар, дипломдар, стипендиялар, сыйақылар т.б.).

 

 

 

Өтінімнің берілген күні: «____»____________ 2015 ж.

 

Автордың қолы: ____________________

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.