Гулхумор Давлатова: Тәжік этномәдени бірлестігі Қазақ халқына үлкен алғыс білдіреді
Этносаралық келісім мен халықтар достығы бүкіл әлемдегі ең өзекті тақырып болып қала береді. Адамға өзара түсіністік пен өзара құрмет нәсілдік, діни немесе этникалық ерекшеліктердің белгісі бойынша емес, адамның жеке тұлғалық қасиеттері бойынша әрдайым құрмет пен махаббат сезімін тудырады.
Сонымен қатар Қазақстан бүкіл әлемге достық пен бірліктің символы ретінде белгілі, барлық халықтарды бір шаңырақ астына біріктірген, оларды өз қанатының астына алып, пана берген ел ретінде танымал. Осының арқасында бүгінгі күні Қазақстанды даму шыңына көтеру үшін көп күш жұмсайтын халықтар достығына ие.
Тәжік этномәдени бірлестігі сол үшін де Қазақ халқына үлкен алғыс білдіреді. Қазақстанда этностар арасындағы ең жылы қарым-қатынасты сақтауға көмектесетін әлеуметтік институттар өте көп. Олардың ішіндегі ең ірісі ретінде барлық қалған өңірлік, өңіраралық қоғамдастықтарды біріктіретін Қазақстан халқы Ассамблеясын атауға болады. Бұл қазақстандық институттың бірегейлігі бүкіл әлемде, сондай-ақ этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған саясатты жүргізу бойынша өзге мемлекеттерді мойындатты.
Мен қай жерде болмасын, Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық және конфессияаралық келісім мен бірліктің бірегей шаңырағы екенін мақтанышпен айтамын. Осының бәрі Елбасымыз таңдаған бағыттың арқасында. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жолды жалғастырып келеді және біз, тәжік этносы, мемлекет басшысын барынша қолдаймыз!
Кешегі қилы заманда тағдырдың жазуымен қазақ жеріне келген өзге этнос өкілдеріне кең құшағын жайып, бауырына басқан, бір үзім нанымен бөліскен қазақ халқына алғыс білдіреміз!
Гулхумор Давлатова,
Жамбыл облыстық ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі,
Тәжік этномәдени бірлестігінің әйелдер кеңесінің төрайымы
21 Наурыз, 13:03
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз, 13:01
Президент Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
22 Наурыз, 13:56
Маңғыстауда «Бірлік түбі береке» атты мерекелік шара өтті
26 Наурыз, 13:20
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті
вчера, 17:00
«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған бастамаларды іс жүзінде іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел