Қазақтар

Қазақтар — Орталық Еуразияны мекендейтін түркітілдес этнос және ұлт. Дешті-Қыпшақ даласын мекендеген көптеген этностар мен этно бірлестіктердің өзара араласуының нәтижесінде қалыптасты. Қазақтар ретінде Қазақ хандығының құрылуымен белгілі бола бастады. Тілдік құрылымы жағынан Түркі тілдес халықтардың солтүстік-батыс қыпшақ тобына жатады. Қазақ тілінде сөйлейдi.

Қазақтар Қазақстанмен көршілес Моңғолия (Баян-Өлгей аймағы), Қытай (Іле Қазақ аутономиялық облысы), Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан елдерінің жерін бірыңғай қоныстаған. Қазақстандағы қазақтар саны 12 млн. адам (2017 ж), әлемде шамасында 16 млн. адам құрайды.

Беттер