Алғыс айту күні

Шерзод Пулатов: Қазақ халқының дархан мінезі жүрегімді баурап алды

Елімізде ашық аспан астында ынтымағымыз жарасып, тату-тәтті өмір сүріп жатқанымыз үшін Жаратушыға шүкіршілігімізді білдіреміз. Қазақстандағы барша ұлттардың басын қосып, біртұтас халыққа айналдырып отырған Елбасына алғысымыз шексіз. Бұл күні барша отандастарымыз қайырлы істерге үлесін қосып, бір-біріне рақметін айтып, жақсы ниетін білдіреді. Бірегейлігіміздің басты нышаны – достығымыз бен бірлігіміз мәңгі болсын!   

Акбаржон Исмаилов: Қазақстан – бірлік пен ынтымақ мекені

Құрметті жерлестер! 1-наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ынтымақ пен бірлік, істеріңізге табыс, береке тілеймін!

Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірлігіміздің, мәдени саналуандылығымыздың жарқын күні, себебі, еліміздегі 100-ден астам этностың әрқайсысы өзінің қайталанбас өрнегін салу нәтижесінде біртұтас қазақ халқына айналып отыр.

Көңілбай Шүкенов: Қайырымдылықтың басты қасиеттерінің бірі – алғыс айту

Ардақты ағайын, Алғыс айту күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Осы атаулы күнді көктемнің алғашқы күнінде белгілеп берген Елбасына алғысымыз шексіз.

Жанды жадырататын мерекеде халқымыз бір-біріне алғысын жеткізіп, ілтипаттарын білдіріп жатады. Сонымен қатар, осы күні адамдар қайырымдылық жасауға асығады. Ал қайырымдылықтың басты қасиеттерінің бірі – ол алғыс, мәртебесі – бір-бірімізге жылы сөз айту.

Князь Мирзоев: Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының туған күні құтты болсын

Қадірменді қазақстандықтар, көктемнің алғашқы күнінде жанымызды жадыратып келген Алғыс айту күнімен баршаңызды құттықтаймын!

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында халқымыздың бірлігі мен ынтымағы нығайып, көк байрағымыз желбіреп, бай-қуатты өмір сүрудеміз. Біз, Қазақстан халқы, бақыттымыз! Өйткені біздің Тәуелсіз мемлекетімізде қоғамдық келісім мығым орнаған.  

Шаймардан Нурумов: Алғыс - адамдар арасындағы бауырмалдық, ынтымақ пен достықтың одан әрі нығая түсуіне ықпал ететін жылы сөз

Алғыс айту күні мерекесі – бұл еліміздің бірлігінің, достығының және біртұтастығының мерекесі. Бұл күні барша қазақстандықтар бір-біріне алғысын білдіріп, жылы лебіздерін айтуы тиіс. Жақсы сөз – жарым ырыс демекші, алғыс - адамдар арасындағы бауырмалдық, ынтымақ пен достықтың одан әрі нығая түсуіне ықпал ететін жылы сөз. Сонымен бірге адамдар тарихты, өткен уақыттардағы қиын кезеңдерді еске ала отырып, бүгінгі бейбіт әрі бақытты өміріне өз бағасын беретін болады.

Нашар ұлт болмайды, жаман әдеттерге бойын үйреткен адамдар болады

Депортацияға ұшыраған қаншама ұлттар мен ұлыстар қазақ еліне мәжбүрлеп қоныстандырылды. Баспанасыз, ішер асқа, киер киімге зар болды. Қазақтар барымен бөлісті, мейірбандық пен қайырымдылық танытып, олардың көз жастарын сүртті. 

Мухаббат Миражапова: 1 наурыз – түрлі ұлт өкілдеріне қорған болған Ұлы Дала еліне алғыс күні

1 наурыз – Алғыс айту күні. Бұл - Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні.

Людмила Гривенная: В повседневной суете мы забываем сказать друг другу «спасибо» за работу, заботу и внимание

В этом году 1 марта, в день рождения Ассамблеи народа Казахстана, казахстанцы отметят День благодарности в четвертый раз.