Сұхбат

Артуш Карапетян: қазақ ұлтының мәдениетін қадірлеймін

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының соңғы сессиясында: «Мен Ассамблея делегаттарымен әрдайым ерекше ықыласпен жүздесемін. Өйткені әр сессия Қазақстан дамуының мейлінше өзекті мәселелеріне арналады. Бүгінгі сессияға Қазақстан халқы Ассамблеясының ізгі ниет елшілерінің, достық елшілерінің қатысып отыруының символдық мәні бар. Ассамблея бейбітшілік пен татулықтың нағыз шырақшысына айналды» деген болатын.

Бекзат Алтынбеков: санмен емес, сапамен жұмыс істейміз

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтқан болатын.

1995 жылғы 1 наурызда оның мәртебесін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган деп бекіткен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты.

Сол уақыттан бері жиырма жылдан астам уақыт өтті. Республика және өңірлік деңгейде ауыз толтырып айтарлық маңызы бар іс-шаралар көптеп атқарылуда.

Руслан Тоқтахунов: қараша айындағы спектакльдің тұсаукесеріне Елбасын шақырсақ дейміз

Кез келген қоғамның үдерісінің басты көрсеткіші — оның мәдени жетістіктері екені ешкімге құпия емес. Сондықтан оларды халықаралық деңгейде насихаттау өте маңызды. 

Вакиль Набиев: күрдтер мен қазақ ұлты ажырамас бауырластар

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында «Ассамблея құрылған күннен бастап еліміздегі мызғымас бірліктің ұйытқысы, сарқылмас берекенің бастауы болып келеді. Бүгінде ол — еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі» деген болатын.

Қазақстанда ұлтаралық татулықтың жарасымдылығын сақтап, өзара қарым-қатынастың үзілмеуіне күш жұмылдырып отырған этнос қауымдастықтары бар. Әрқайсысы Ассамблея туының астына бірігіп, ізгіліктің нышанын сақтап отыр.

Рустам Кайрыев: Қазақстан жастары озат ойлы

Рустам Абдусаламұлы Кайрыев Алматы қаласында 1984 жылдың 13 тамызында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Журналистика» факультетін тамамдаған.  

«Қазақстан ұйғыр жастары одағы» аумақтық қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Шаймардан Нурумовтың қоғамдық көмекшісі.  

«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалiмен және Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Алғыс хатымен марапатталған.

Қанат Ислам: Қаншама этнос өкілдерінің басын біріктіріп отырған Қазақстан — киелі жер

Қанат Ислам 1984 жылы 13 қыркүйекте Қытай, Алтай аймағында дүниеге келген.

Кәсіпқой боксшы. WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы.

Әуесқой боксшы ретінде Қытай Халық Республикасы Ұлттық құрама командасының құрамында Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері.

2007 жылы Чикагода өткен Әлем чемпионатының және Азия ойындарының қола жүлдегері.

2010 жылы жылдан бері Қазақстанның азаматы.

Элина Паули: Абайдың қара сөздері өмірлік ұстанымыма айналды

Жастар елдің жарқын келешегі. Олардың білімді, парасатты, мәдениетті, пайымды болуы үшін мемлекет жағдай жасауда. Бұл жағынан Қазақстанда жастар үшін барлығы ойластырылған. Заман талабына сай білім беру, ғылыммен айналысу, шетелдік оқу орындарында білімін жетілдіріп, тәжірибеден өту, жеке кәсіппен айналысу, өнерде жетілу мүмкіндіктерімен толық қамтамасыз етілген. Бойына осы қасиетті сіңірген әр жас көшбасшы болып қалыптасатыны сөзсіз.

Күлімкөз Смайылова: Жақын адамдар қашан да бір-біріне қамқор болуы керек

2014 жылы Қазақстан Халықтары ассамблеясының кезекті сессиясына Елбасы Н.Назарбаев  «баланың дүниетанымы, ұлтаралық келісімге деген бейімі, толеранттылығы оған  анадан дариды» деген теория айтты.  Осыған  cүйене отырып, ол өзінің тікелей нұсқауымен Қазақстан Халықтары  Ассамблеясы   жанынан  Аналар комитетін құру туралы ой тастады. 

Саидикрам Ниязходжаев: Қазақстан мен Өзбекстан арасында «Ұлы жібек жолын» қайта жаңғыртамыз

Астанада қалалық әкімшілік алдындағы алаңда Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында Шығыс тағамдарының гастрономиялық көрмесі өтті.

Отбасы бақыты — берекеде: Астанадағы Мамышевтар отбасының шежіресі

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы Жарлығы шыққалы елімізде қанша үлгілі отбасы барын көріп, көзайым болдық. Әр отбасының өз тарихы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы бар. Үбірлі-шүбірлі отбасы жастарға үлгі боларлықтай.  

Беттер