ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘРБІР АЗАМАТЫ ЕЛДЕГІ АУҚЫМДЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ӨЗДЕРІНІҢ ҚАТЫСЫН СЕЗІНУІ ТИІС

Версия для печати

Елбасы ұсынған теңдессіз шаралар уақытылы және реформаларды әрі қарай жалғастырып, қоғам мен мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын тиімді тетік болып табылады.

Ең төменгі жалақы мөлшерін өсіру, білім, ғылым, денсаулық сақтауға жұмсалатын қаражатты көбейту, қолжетімді баспанамен қамту, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының қызмет сапасын арттыру, кедергісіз орта қалыптастыру – әр қазақстандық отбасының тұрмыс сапасын арттыратын негізгі тетіктер.

Түптеп келгенде, бұл – тұрмыс сапасын әлемдік стандарттарға жеткізуге бағытталған нақты қадамдар.

Қазақстан Президентінің Жолдауы әлеуметтік әділеттіліктің қағидалар мен әлеуметтік мемлекеттің құндылықтары еліміздің ең басты стратегиялық басымдықтары, ал қазақстандықтардың әл-ауқаты мен ұлттық мүдде Елбасы саясатының негізі болып қала беретінін тағы бір мәрте көрсетіп берді.

Қазақстанның әрбір азаматы елдегі ауқымды өзгерістерге өздерінің қатысын сезінуі тиіс.

Елбасының Жолдауын тиімді жүзеге асыру әлеуметтік сапа дамуының жаңа деңгейін қамтамасыз етеді деп ойлаймын.

Маңғыстау облысы

Қоғамдық Келісім КММ

директоры Аманкуль Джайлханова