Қор туралы

Версия для печати

 

«ҚХА Қоры» ҚҚ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2008 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІV сессиясында берген тапсырмасы бойынша құрылды.

«… Шешімін табуды қажет ететін маңызды мәселенің бірі, Ассамблеяның, оның аумақтық құрылымдарының және де этномәдени бірлестіктердің қызметін қаржыландыруға байланысты. Іскер жандардың тұрақтылыққа салымы – бұл олардың мүддесіне қатысты, біздің болашаққа құйған инвестициясы. Мұндай жұмысты ұйымдастырып, қоғамдық қаражатты тарту үшін Ассамблея жанынан арнайы қор құруға болады. Оның қызметі барынша мөлдір болуы тиіс...» - ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ҚХА ХІV сессиясында сөйлеген сөзінен.

 

«ҚХА ҚОРЫ» ҚҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ

 

Этносаралық қатынас және қоғамдық келісім саласында ҚХА әлеуметтік маңызды жобаларын және де Қазақстан халқы Ассамблеясы мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін мәдени-ағарту, рухани-адамгершілік және өзге де қоғамдық-пайдалы қызметтерді жүзеге асыру.

 

«ҚХА ҚОРЫ» ҚҚ МІНДЕТТЕРІ

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға әрекеттесу.

Этномәдени бірлестіктерге көмек көрсету.

Қордың қазақстандық, шетелдік және халықаралық ғылыми үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтар тарапынан Қазақстан халқы Ассамблеясы міндеттерін жүзеге асыру үшін инвестиция, зияткерлік, қаржылық және техникалық қолдау тартуы. 

 

«ҚХА ҚОРЫ» ҚҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАҒЫТТАРЫ

 

Этномәдени бірлестіктердің (ЭМБ) ұлттық бірлікті нығайту бойынша әлеуметтік маңызды жобаларын жүзеге асыру және қолдау.

Қазақстанның мәдени және тілдік саналуандылығын сақтауға септігін тигізетін ЭМБ қолдау бойынша шаралар кешенін жүргізу.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптамалық кеңес жұмысын ұйымдастыруға әрекеттесу.

Халықаралық қауымдастықта Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім қазақстандық үлгісін нығайту мен танымал ету бойынша жобаларды жүзеге асыру.

Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін ақпараттық қолдау.

Қазақстанның мемлекеттік тілі мен этностардың төл тілдерін зерделеуде инновациялық технологияларды енгізу.

ҚР азаматтарының бойында толеранттылық мәдениетін қалыптастыру, ұлттық бірлікті нығайту, қазақстандық патриотизм мен ұлттық-мемлекеттік бірдейлікті тәрбиелеу, ел мен шетелде мәдениетаралық сұхбатты әрі қарай қалыптастыру.

 

«ҚХА ҚОРЫ» ҚҚ ҚҰРЫЛЫМЫНА КІРЕДІ

 

«Тілдарын» тілдерді оқытудың инновациялық технологияларының әдістемелік орталығы.

Жетекші сарапшы журналистердің клубы.

«ҚХА Қоры» ҚҚ жанынан «ҚХА кәсіпкерлерінің қауымдастығы» ЗТБ құрылған.