Латипша Асанов: Президенттің мақаласы тарихи жадымызды қайта жаңғыртуға көзделген

Версия для печати

Құндылығымен түбірімізді тануға үндеген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының заңды жалғасы деп білемін.

Ел тарихында айрықша орны бар ұлы тұлғаларды тілге тиек етіп, тарихи сананы қайта жаңғыртуды көздеген материалда тың жобаларды жүйелі іске асырудың жолдары бағдарланған. 

Түркі дүниесін түлетудің тың жолын жүйелеген құнды 09жатта «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін», түркі халықтарының мәдени күндерін ұйымдастыру, түркі халықтарына ортақ туындылардың бірыңғай онлайн кітапханасын ашу сынды жұмыстар  межеленген.   

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы іспетті бұл жолғы Президенттің мақаласы тарихи жадымызды қайта жаңғыртуға деген нақтылығымен қалың көпшіліктің көңілінен шықты.

Бұл тұрғыда шымкенттік ҚХА мүшелері бірлесе отырып,  бағдарламалық мақалада айтылған басымдықтарды табысты іске асыруға сүбелі үлес қосып, ел ертеңі үшін тынымсыз еңбектенеді деген ойдамын.

Латипша Асанов,

Шымкент қалалық түрік

этномәдени бірлестігінің төрағасы