МАРЖАН ҚОЖАЕВА: БІРЛІК БИІККЕ БАСТАЙДЫ

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында айқындалған мақсат-міндеттердің маңызы өте зор.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы қазан айындағы Жолдауында айқындалған мақсат-міндеттердің маңызы зор.

Жалпы, халықтың әл-ауқатын көтеру, тұрмыс сапасын жақсарту мақсатындағы міндеттерді жүзеге асыруды арқау еткен осы маңызды құжаттың жыл басында емес, қазан айында жария етілуі тегін емес.

Ұлт көшбасшысы жаңа Жолдауда Қазақстан азаматтарының тұрмыс-ахуалын арттыруға айрықша басымдық беріп отыр. Расында да, Мемлекет басшысы айтқандай, тәуелсіздіктің аз ғана мерзімінде біз заман сындарына жауап беретін экономикасы өркенді дамып келе жатқан прогрессивті мемлекет құра білдік. Соның арқасында қоғамдық келісім мен бейбітшілік толық қамтамасыз етіліп, қазақстандықтардың өмір сүруіне қолайлы конституциялық және саяси реформалар жүзеге асырылды.

Мәдениет, руханият, өнер, тарихи құндылықтар ұлықталып, көптеген жаңа өзгерістер жасау арқылы осы күнге қол жеткіздік. Еліміздің әлемдік қауымдастық алдында беделі артып, халықаралық тұрғыда шиеленіскен мәселелерді шешуде аузы айды білеген мемлекеттердің сеніміне ие болды. Осындай жетістіктер рухани тұрғыдан жаңғыруға бағыт түзеп, «Мәңгілік ел» идеясынан қуат алып үлгерген еліміздің зор табысы деуге болады.

Байыптап қарасақ, Елбасы әрбір қазақстандықты елімізде жүріп жатқан өзгерістерге белсенді түрде қатысуға, бәрімізге ортақ идеялардың төңірегіне топтасуға шақырып отыр. Өйткені, әлем біз ойлағаннан да ерекше қарқынмен дамуда. Күн сайын сан түрлі жаңалықтармен қауышып, әртүрлі өзгерістердің куәсі болудамыз. Жаһандық қауіпсіздік жүйесі де күн сайын құбылуда.

Сондықтан, қанша жерден біз бейбіт өмір кешіп отырмыз деген күннің өзінде, ел болашағы үшін өзімізге аса сақтықпен қарап, іргеміздің бүтіндігін, бірлігіміздің бекемдігін ойлауды ешқашан санадан шығармауымыз қажет.

Түптеп келгенде, бұл ойда-жоқта пайда болатын жаңа қауіптер мен сынақтарға қол қусырып қарап отырмай, дер кезінде төтеп беруге дайын мемлекет екенімізді дәлелдейтін қабілетке ие болуды талап етіп отыр. Оның бір ғана жолы бар. Ол – ел бірлігі. Өйткені, ел бірлігінің беки түсуі халықтың тұрмыс-тіршілігінің жоғары деңгейде болуымен аса тығыз байланысты. Сол үшін де Елбасы мемлекеттің табыстылығы мен адами капиталдың сапасын жақсартуға қазақстандықтардың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын көтеру арқылы қол жеткізе алатынымызды меңзеп, ендігі күшті осыған бағыттап отыр. Жолдауда «Тұрғындар табысының өсіміне» баса назар аударылуы сондықтан.

Ұғынған адам үшін бұл Жолдау елімізді игілікке бастайтын келелі жоспар. Ал, онда атап көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру – бәріміз үшін ортақ іс.

Маржан Қожаева,

Жамбыл облыстық ҚХА

 төрағасының орынбасары