«100 жаңа оқулық» жаңа мүмкіндіктер сыйлайды

Версия для печати

18 сәуір күні М. Өтемісов атындағы БҚМУ ҚХА бастамасымен ұйымдастырылған «National bookdating» акциясы аясында БҚО ҚХА төрағасының орынбасары Ғ.Х. Қапақовтың қатысуымен кездесу өтті. 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы маңызды міндеттердің бірі «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы болатын. Елбасы өз сөзінде: «...Бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсінетін білікті гуманитарлық сала мамандары да ауадай қажет» деген еді.

Тарих пен саясаттану, әлеуметтану мен философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге заманға лайық білім беруге қажетті жағдай жасауды тапсырды. Осы міндетті іске асыруға мүмкіндік беретін негізгі тетік ретінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынды.

Аталған жоба аясында алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік деген университет оқулықтары түрлі тілдерден қазақ тіліне аударылып, біздің студенттерге дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасалмақ.

Биылғы жылдың 12 сәуіріндегі мақаланың бір жылдығына орай, аталмыш жобаның алғашқы 18 оқулығы жарық көрді. Осыған орай «Рухани жаңғыру» институтының ұйымдастыруымен М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде (барлық факультеттерінде) Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, ғалым-оқытушы құрам, магистранттар мен студенттер аталған жоба жөнінде, жаңа аударылған оқулықтар жайлы мағлұмат алып, пікір алмасып және видео ақпарат тамашалады. Сонымен бірге маңызды жобаға қолдау білдіріп, іске асыру бойынша өз ұсыныстарын айтты.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.