Алматыда ұйғыр этномәдени орталығы Елбасының Жолдауын талқылады

Версия для печати

Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдениет орталығының кеңейтілген жиналысы өтті.

Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан Халқына жолдауы талқыланды. Жиналысты жүргізген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚХА кеңісінің мүшесі, Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдениет орталығының төрағасы Шаймардан Нурумов басқарма мүшелеріне кең түрде Жолдауды түсіндірді.

Өз сөзінде «Біз дана Елбасымыздың саясатын қолдап отырып, аз ғана уақыттың ішінде дамып келе жатырмыз. Әсіресі әр этносқа берілген мүмкіндіктер пайдаланылып, Қазақстан халқының бірлігін сақтап, халқымыздың әл-ауқатын жақсарттық»,- деп атап өтті Ш.Нурумов.

2019-жыл Жастар жылы деп жариялануына байланысты, Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдениет орталығынының мүшелеріне жастар тәрбиесіне көңіл екі есе бөлінетінін хабарлап, Қазақстан Ұйғыр Жастарының Бірлестігіне іс-шаралар, жұмыстар кестесін әзірлеуге тапсырма берілді.

Жолдауға қатысты этномәдени бірлестіктері жанындағы кеңес өрағалары, басқарма мүшелері және жастар өз пікірлерін ортаға салды.

 Жиналыс ұйымдастырушылық мәселелерді талқылау мен басқарма мүшелеріне жаңа мүшелерді қабылдаумен жалғасты.

Дата события Ассамблеи: 
Дүйсенбі, 8 Қазан , 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.