«Ассамблея аруы-2017» сұлулық байқауы

Версия для печати

2017 жылғы 23 маусымда тұңғыш рет қалалық «Ассамблея аруы-2017» сұлулық байқауы болып өтті. Бұл байқау елордалық этномәдени бірлестіктердің арулары арасында өткізілді.

Іс-шараны ұйымдастырушы - Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы.

«Ассамблея аруы-2017» сұлулық байқауының мақсаты: жастарды қазіргі эстетикалық және адамгершілік құндылыққа баулу, этностар мәдениетімен және салт-дәстүрлерімен таныстыру, жас ұрпақтардың шығармашылық әлеуетін дамыту.

Алдын ала іріктеуден өткен елордалық этномәдени бірлестіктердің 7 өкілі байқауға қатысуға мүмкіндік алды. Қатысушылар Komfort мейманханасының конференц-залында Қазақстанда тұрып жатқан этностардың көп қырлы салт-дәстүрімен, мәдениетімен танысты.

«Ассамблея аруы-2017» байқауына қатысушылар алдымен өздерін таныстырып өтіп, сүйікті істерін және арман-мақсаттарын айтып берді. Дара үлгідегі әрбір ару сұрақ-жауап түріндегі сауалдарға жауап беріп, өз шеберліктерін көрсетті. Осылайша, жарқын байқау көпшілікке жылы әсер қалдырды.  

Байқау бағдарламасы бойынша қазақстандық эстрада өкілдері мен елорданың шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін көрсетті. Бұл байқаудың ерекшелігі сол,  ұлттық мәдениет пен шығармашылық әлеует  әсем үйлесім тапты. Сахна салтанатына айналған  ұлттық костюм мен кешкі көйлек киген аруларға жұртшылық тәнті болды. Байқау қорытындысы - «Кешкі көрініс» те ешкімді бей-жай қалдырған жоқ. Жиналғандар ду қол шапалақтап, аруларға зор құрмет көрсетілді.

Байқау қорытындысында әділ қазылар мүшелері жеңімпаздарды марапаттады. «Ассамблея аруы-2017» атағы Астана қаласы корей этномәдени бірлестігінің өкілі Анастасия Жмаева-Кимге берілді.  «Ассамблея-2017 вице аруы» атағы «Радима» беларусь мәдени орталығының өкілі Ирина Бондарьға және  «Көрермендер көзайымы аруы» аталымы «Оберег» украин қоғамының өкілі Екатерина Захарчукке табысталды.

Жалпы, сұлулық байқауына қатысушылар өздерінің ұлттық бай мәдениеті туралы сыр шертіп, жұртшылыққа кең мағлұмат берді. Сондықтан бұл байқау арқылы этномәдени бірлестіктер біздің ортақ Отанымыз мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосып отырғанын білуге болады.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.