Ассамблея мүшелері ҚР Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдауын талқылады

Версия для печати

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын талқылау үшін 2018 жылдың 12 – қаңтарын бірыңғай республикалық күн ретінде бекітуне орай Достық үйі қоғамдық келісім орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ҚХА ғылыми сараптамалық тобының, меценаттар клубы, журналистер клубы, қоғамдық келісім кеңесі, аналар кеңесі, жастар лигасының  мүшелері және этномәдени бірлестік төрағалары  мен белсенділерінің қатысуымен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның төртінші индустриалдық революциясы жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын талқылады.

Отырысқа арнайы қатысқан  Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ә.Б.Нүсіпова биылғы жолдауының еліміз үшін маңызды тұстарының көп екендігіне тоқтала келе, соның ішінде  Елбасы өзі тікелей атап көрсеткен он міндеттің ел болашғы үшін уақыттылы жүзеге асуы маңызды болып табылатындығын атап өтті. Сонымен қатар отырыс барысында сөз алған Өскемен қалалық Ақсақалдар алқасының төрағасы С.А.Аухадиев өз сөзінде  бүгінгі күнге дейін халыққа жол тартқан Елбасының жолдауы Қазақстан Республикасының ірі қалаларынан бастап, шағын елдімекендерінің тамырына қан жүгіртіп, дамуына жол ашқандығын бәріміз білеміз. Бұл жолғы жолдауы жаңа әлемге, яғни «Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайтын нақты жоспар деуге әбден болады» – деді.

Шараға қатысушылар Елбасы жолдауы қоғамның тұрақтылығы мен бірлігінің кепілі екендігін және барлығы бір кісідей қолдайтындықтарын жеткізді.

Дата события Ассамблеи: 
Жұма, 12 Қаңтар, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.