Ассамблеяның депутаттық тобы өңірлерге шығады

Версия для печати

ҚХА-ның депутаттық тобы ҚХА Хатшылығымен бірлесе Мемлекет басшысы Жолдауын тиімді жүзеге асыруға бар күш-жігерін салады.

Бұл туралы Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко мәлім етті.  

Владимир Божко «17-27 қазан аралығында өңірлерге сапар кезінде Жолдаудың идеялары мен ҚХА республикалық кеңесінің үндеуіне екпін қою керек. Осы орайда бұл бағытта қарастырылып жатқан заң жобалары туралы егжей-тегжейлі түсіндірген жөн», - деп тоқталды В. Божко Парламент Мәжілісінде өткен ҚХА депутаттық тобының отырысында.

Сонымен қатар ол ҚХА кеңесі маңызды мақсат ретінде әлеуметтік желілерде, БАҚ-тарда Жолдау тақырыбын белсенді насихаттауды белгілегенін атап өтті. Мұнымен қоса, ҚХА хатшлығы, этномәдени бірлестіктер жұмыс жоспарына қажетті өзгерістер енгізу ескерілген.

«Сонымен қатар, Жолдау аясында 2019 жылы Жастар жылы деп жарияланғандықтан, ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы алдында тұрған проблемаларды жоюға қолдау жасау керек», - деді В. Божко.

«ҚХА-ның депутаттық тобы ҚХА Хатшылығымен бірлесе Мемлекет басшысы Жолдауын тиімді жүзеге асыруға бар күш-жігерін салады», - деп түйді Мәжіліс төрағасының орынбасары.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды.  Бұдан бұрын хабарланғандай, депутаттар өңірлерге сапарлаған кезде балабақшалардың бейнебақылау құрылғыларымен жабдықталуына назар аударады. 

inform.kz

 

Дата события Ассамблеи: 
Жұма, 12 Қазан , 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.