Белгілі ақын Шөмішбай Сариев Алғыс айту күніне жаңа туындысын арнады

Версия для печати

Алматы қаласындағы Достық үйінде Алғыс айту күнін атап өтті.

Іс-шараға Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің белсенділері мен жетекшілері, еңбек ардагерлері, ҚХА ҒСК мүшелері, «Жаңғыру жолы» РЖҚ, «Жарасым» РЖБ жастары, кәсіби және көркем шығармашылық ұжымдар, Достық үйінің серіктестері қатысты.

Алғыс айту күні – тағдыр тауқыметімен Қазақстанға қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің қиын-қыстау заманды бастарынан бірге өткеріп, азаматтардың бір-біріне деген ризашылықтарының белгісі болып табылады. Бұл туралы ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері өз сөздерінде атап өтті.

Іс-шара барысында көркем шығармашылық ұжымдар мен жас дарындар өнер көрсетті. Сондай-ақ, қонақтар ҚР Халық әртісі, белгілі композитор Мұрат Серкебаевтың жетекшілігімен Алматы қаласы Әкімінің концерттік оркестрінің орындауындағы отандық және әлемдік классика жауһарларын тамашалады. Өз кезегінде белгілі ақын Шөмішбай Сариев аталмыш мерекеге жаңа туындысын арнады.  

Қатысушылар өз алғыстарын өлең жолдарымен жеткізген балалар мен ҚХА жастарының аға буынға деген алғыстарын ерекше ілтипатпен қабылдады.

Алғыс айту күнінің нышанына айналған қазақтың дәстүрлі тағамы – «Құрт» барлық қатысушыларға таратылды.

Іс-шара соңында қазақ халқының «Бата беру» дәстүріне сай ҚХА ардагерлері мен аға буын өкілдері жастарға ізгі тілектерін білдірді.

Сондай-ақ, Достық үйінің холлында іс-шара қонақтары арнайы «Алғыс кітабына» ізгі тілектерін қалдырды.

Іс-шарад түрлі этностардың ұлттық тағамдарынан дәм татумен аяқталды.

Жиын барысында жастар орталығын құруға қолдау көрсеткен этномәдени бірлестік жетекшілеріне Алғыс хаттар табыс етілді.

Ассамблеяның оқиға күні: 
Бейсенбі, 7 Наурыз, 2019

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.