ҚХА жастар қозғалысы мен Нұр Отанның Жастар қанаты арасында әріптестік туралы Меморандумға қол қойылады

Версия для печати

14 ақпанда сағат 12.00-де Астандағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының қалалық штабы мен «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты» ҚБ Астана қалалық филиалы арасында әріптестік туралы Меморандумға қол қойылады.

Бұл күні жастар ұйымдарының өзара ынтымақтастағы бірлескен тиімді жұмысын қамтамасыз ету және этносаралық қатынастар саласындағы байланысты орнату мақсатындағы екіжақты әріптестік Меморандумы бекітіледі.

Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы Жастар жылы аясында жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған түрлі үлгідегі бірнеше іс-шаралар кезеңін өткізуді жоспарлап отыр.

Шетел көшбасшыларын шақыра отырып «From kz» атты Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының форумы өтеді. Сонымен бірге, мағынасы терең «Тіл-достықтың алтын көпірі» атты мемлекеттік тілді меңгеруге арналған байқау, халықаралық этникалық сән марафоны және жас журналистерге арналған «Бірлік жаршысы» атты байқау өткізіледі.

Ассамблеяның оқиға күні: 
Сәрсенбі, 13 Ақпан, 2019

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.