ЛЕОНИД ПРОКОПЕНКО АЛМАТЫДА «JASTAR JYLY – DANǴYL JOL» ЖОБАСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

Версия для печати

Алматы қаласындағы Достық үйінде Жастар жылы аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының «Менің жетістігімнің тарихы – елімнің жетістігі» атты тақырыпта қала жастарымен кездесу өтті.

Салтанатты іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенко, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктер, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары, «Жаңғыру жолы» РЖҚ жастары, «Жарасым» РЖБ белсенділері, Алматы қаласы университеттері мен колледждерінің студенттері қатысты.

Кездесу барысында «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының белсенділері  «JASTAR JYLY – DANǴYL JOL» жобасының  ашылуын хабарлады. Жобаның басты мақсаты – қазақстандық жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған әлеуметтік жобалар мен лифтілер платформасын іске асыру үшін жағдайлар жасау.

Кездесу TEDx форматында өтті. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының кардиохирургия және интервенциялық кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Сәрсенбаева, «Аксай» университет клиникасының ортопедиялық орталығының жетекшісі Исамдун Харамов, медицина ғылымдарының  кандидаты, РМҒА қауымдастырылған профессоры Алмат Қодасбаев жиналғандарға өз жетістіктері туралы әңгімеледі. 

Кездесу TEDx форматында өтті. Сондай-ақ, «Менің жетістігімнің тарихы –  елімнің жетістігі» атты шығармашылық кездесу бағдарламасы аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, кардиохирург Гүлжан Сәрсенбаева, «Ақсай» университеттік клиникасы ортопедиялық орталығының жетекшісі Исамдун Халамов, медицина ғылымдарының кандидаты Алмат Кодасбаев, Eco City жобасын әзірлеуші IT-маман Михаил Беляков, «Eastern Oil Service Company EOSC» ЖШС Бас директорының орынбасары Шалқар Аманбаев, ҚР–Оңтүстік Корея арасындағы Балалар бейбітшілік елшісі» Нари Ермұханова жастар алдында өз тәжірибелері мен жетістіктерімен бөлісті.

Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» жобасы аясында «Сыбаға» акциясының басталуымен аяқталды. Оның өткізілуі туралы Алматы қаласындағы «Жаңғыру жолы» аймақтық штабының жетекшісі Диас Бурабай толыққанды ақпарат берді.

Ассамблеяның оқиға күні: 
Бейсенбі, 14 Ақпан, 2019

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.