№53 мектеп-лицейі мен «Келісім» халықаралық медиация және құқық орталығы арасында ортақ қызмет туралы шарт жасалды

Версия для печати

Астана қаласының №53 мектеп-лицей базасында медиация кабинеті ашылды.

Кабинеттің ашылуына мектеп-лицей директоры Зәмзәгүл Қиянова және Астана қаласының «Өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, халықаралық медиатор Шерзод Пулатов бастамашы болды.

Бастама нәтижесінде №53 мектеп-лицейі мен «Келісім» халықаралық медиация және құқық орталығы арасында ортақ қызмет туралы шарт жасалды. Оның аясында мектепке білім саласында медиацияны оқыту бойынша қызмет көрсетіліп, мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері мамандандырылатын болады.  

Аталған мектеп лекторлары мен кураторлары «Келісім» орталығының директоры Гүлмира Нарбаева мен медиатор-жаттықтырушы Шерзод Пулатов болмақ.

«Қазіргі қоғамда медиация қажет екенін әрбір азамат түсіне бастады. Бұл заман талабы десек те болады. Дау-дамай туындаған кезде әр тарап өз пікірін ұстанғысы келеді. Бұл балада да, ата-анада да, тіпті ұжым арасында болып жатады. Заңға сауатсыз ортада кері пікір қалыптасатыны сөзсіз. Мұны осы ортада жүріп ұғына бастадым. Сол себепті мектепте медиация кабинетін ашуды шештік. Бұған ата-аналар ризашылығын білдірді. Сәтті жоба болады деген сенімім мол», – деді мектеп директоры З. Қиянова.   

Медиацияның қыр-сырын меңгеріп, арнайы білікті маман дайындалғанға дейін «Келісім» орталығы мектепті маманмен қамтамасыз етіп отыратын болады.

Бастаманы қолдаушылардың бел ортасында жүрген медиатор-жаттықтырушы Ш. Пулатов: «Медиация бүгінгі таңда Қазақстандағы даулар мен жанжалдарды шешудің жаңа бағыты емес. Шиеленістің ең жоғары көрсеткіштері бар аймақтардың бірі әрдайым мектеп ортасы болып табылады. Біз дәл осы жерде білім беру саласында медиацияны оқытудың жоғары белсенділігі мен кәсібилігін байқаймыз, сол себепті «Келісім» халықаралық медиация және құқық орталығын ұсындық. Оның жинақталған тәжірибесі аталған мектеп-лицейде де медиация кабинетінің жұмысына оң нәтиже береді деп үміттенеміз және қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін өз үлесімді қосамын», – деді.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Ассамблеяның оқиға күні: 
Бейсенбі, 3 Қаңтар, 2019

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.