Петропавлда Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XV Форумы өтеді

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қараша айының 9-да Петропавлда Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XV Форумы өтеді.

Оған екі ел Президенттері қатысады. Форум тақырыбы - «Қазақстан мен Ресейдің туризмін дамытудағы жаңа тәсілдер мен үрдістер».

Алдағы іс-шараның негізгі мақсаты Қазақстан мен Ресей арасындағы туристік саладағы өзара іс-қимылды кеңейту, оның ішінде, екі елдің іскер топтары мен мемлекеттік құрылымдары арасындағы кооперациялық байланыстарды тереңдету арқылы туризмнің әртүрлерін дамыту және алға жылжытудың озық тәжірибесімен алмасу, туристік индустрияға өзара инвестициялардың келуін ынталандыру болып табылады.

Форум аясында Қазақстан-Ресей іскерлік кеңесінің отырысы, Қазақстан-Ресей туристік көрмесі, пленарлық отырыс, сондай-ақ үкіметаралық, өңіраралық және коммерциялық бағыттағы бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған.

Маңызды шараға дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Мәселен, шаһардағы әмбебап теннис орталығы алдағы уақытта алып көрме алаңына айналатын болады. «Қазақстан мен Ресей: әріптестер диалогы». Петропавлда өтетін екі ел арасындағы өңірлік ынтымақтастық форумына орайластырылған көрме дәл осылай аталады.

Жалпы айта кету қажет, форумға қатысу үшін екі мыңнан астам адам ғаламтор арқылы тіркелген.

Іс-шараға сонымен қатар министрліктер мен ведомстволардың жетекшілері, Қазақстан мен Ресей өңірлерінің басшылары, туризм саласындағы бизнес өкілдері қатысады деп күтілуде.

Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының өңіраралық форумдары 2003 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Он бес жылдық тарихында Форум екі ел арасындағы саяси және экономикалық өзара іс-қимылдың маңызды институты ретінде қалыптасып, өзін тиімді мемлекетаралық алаң ретінде таныта білді.

Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас ресми түрде 1992 жылдың 22 қазанында басталды. Ең алғашқы форум 2003 жылы Омбы қаласында өтті.

 

Дата события Ассамблеи: 
Сейсенбі, 6 Қараша, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.