Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшу мәселесіне қолдау білдірді

Версия для печати

Бүгін Астана қаласы Қаазақстан халқы ассамблеясының республикалық бірыңғай күн шеңберінде мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшу мәселесін талқылауға арналған кеңейтілген жиыны болып өтті. Бұл жиынның басты мақсаты-латын әліпбиіне өтудегі түйінді мәселелердің оңтайлы шешілуіне ықпал жасау.

Маңызды жиынға мемлекеттік органдар және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ғылыми-сарапшылық тобы, қоғамдық келісім кеңесі, Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы аналар кеңесінің мүшелері, тілші-ғалымдар, тіл мамандары, түркітанушылар мен өзге саланың сарапшылары қатысты.

«Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу мәселесінің дайындығында,  латын әліпбиіне көшкен басқа елдердің алдында кездескен проблемалар да есепке алынды. Сонымен бірге, шетелдік тәжірибе мен кеңестік кезеңдегі латын қаріпінің қабылдануы, оны енгізу ерекшеліктері, түркітілдес Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан және Түркия мемлекеттеріндегі латын әліпбиін енгізу тәжірибесі де қарастырылды»,-деп атап өтті жиын барысында тарих ғылымның докторы, Қазақстандағы әзірбайжан мәдени орталығы одағының президенті, Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сарапшылық тобының төрағасы В.К. Салахов.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақ тілінің латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшудегі негізгі басымдықтарын анықтап берді. Осы мәселеге қатысты жиында «Тұран-Астана» университеті экономика кафедрасының профессоры, Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі О.Ж. Әлиев латын қаріпінің кезең-кезеңмен өтудегі мән-жайын жан-жақты айтып берді.

Кеңейтілген кеңес жиынына қатысушылар қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы жұмыс тобының әзірлеген жаңа әліпбидің бірыңғай стандарт жобасын талқылап, мемлекеттік тілді латын қаріпіне кезең-кезеңмен көшіру бастамасына қолдау білдірді. Сонымен қатар, Астана қаласының ҚХА өкілдері осы латын әліпбиіне қатысты түсіндіру мен талдау тұрғысындағы  жұмыстарды еліміз азаматтары арасында одан әрі жүргізе беретін болады.

Дата события Ассамблеи: 
Дүйсенбі, 18 Қыркүйек, 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.