Астанада Global Silk Road қала мэрлерінің форумы басталды

Версия для печати

2 шілдеде басталған Астана Global Silk Road Жібек жолы еліндегі қала мэрлерінің форумына 60 елден 2000-нан астам қатысушы, оның ішінде 70 мэр және 150 шетелдік спикерлер мен модераторлар қатысуда. 

Форумның басты мақсаты өзара экономикалық әріптестік таныту, одан бөлек дамудың жаңа механизмдерін бірігіп қарастыу және шешу. Сол арқылы экономиканың дамуы мәселелерін талқылау. Сонмен қата мәдени қарым-қатынасты дамыту.

Айтулы шараның басты қонағы, осы жылы әлем назары аудартқан– гонконгтық Hanson Robotics компаниясы жасаған гиноид  София болды. Аталған роботтың ерекшелігі сол адамдармен кәдімгідей араласуы және мінез-құлқының адами қасиетпен сәйкес келуі. Бір айта кетерлігі София бұған дейінде бірнеше халықаралық маңызды шаралардың қонағы болды және София Сауд Арабиясы азаматтығын алған алғаш робот.

Екі күндік форум нәтижесінде Жібек жолы бойы елдерінде қала мэрлерінің клубы, ақындар қауымдастығы, одан бөлек бизнесмендерге арналған платформалар мен университеттер және жастар ұйымын құру жоспарланған.

Шара аясындағы басты тарихи сәт әлемге танымал Қытай өнер қайраткері Шу Юн салған «Жібек жолының алтын көпірі» архитектуралық кешенінің іргетасын қалау болды, бұл өз кезегінде Жібек жолы елдерінің достығының белгісі болмақ. Архитектуралық құрылыс адамзат мүддесін, маңызды жауапкерлершілікті және ортақ армандарға бірге жетуді көздейді. Көпірдің ұзындығы – 28 метр, биіктігі 7 метр.

«Бұл көпір Қазақстан мен Жібек жолы елдерінің достығының символына айналады. Бүгінгі форумда таныстырылымы болды, енді іске кірісеміз. Аталған жобаны жүзеге асыруға Астанадан арнайы 6 гектар жер бөлінді. Көпірді салуда жасанды кәріптас жалатылған 20 мың кірпіш қолданылады. Одан бөлек гүлдер кескіндемесімен безендіріледі», - деді жоба авторы Шу Юн.  

Форум барысындағы тағы бір ерекше айтып кететін жайт, Пуна қаласының мэрі Тилак Мукта Астана қаласының аз уақыт ішінде ерекше қарқынмен дамып келе жатқанын айтып, басқа астаналарға үлгі етуге болатынын алға тартты. Және қала мэрі Тилак Мукта бұл Астана алғаш сапары екенін ескертті.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша assemblykz.2016@gmail.com мекен-жайына хабарласыңыз.

 

Дата события Ассамблеи: 
Дүйсенбі, 2 Шілде, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.