Астанада Кавказ мәдени күндері өтеді

Версия для печати

19 қазанда «Хан Шатыр» ойын-сауық сауда орталығында Этнос күні аясында және Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының қолдауымен «Кавказ мәдениеті күні» іс-шарасы өткізіледі.

Этнос күні іс-шарасына Астана қаласының этномәдени бірлестіктері қатысады.

Фестиваль бағдарламасы бойынша этномәдени бірлестіктердің вокальдық және би ансамблдері өнер көрсетеді, түрлі сарынмен әндер шырқалады. «Кавказ мәдениеті күні» іс-шарасын қорытындылау сәтінде «Вайнах» шешен-ингуш ЭМО» қоғамдық бірлестігінің би ансамблі  «Лезгинка» биін орындайды.

Тағылымдық мәні бар «Этнос күні» жыл ішіндегі төрт іс-шараны қамтушы ретінде елорда этностарының мәдениетін көпшілікке паш етеді.

astana.gov.kz

Дата события Ассамблеи: 
Сәрсенбі, 10 Қазан , 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.