БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ Балалар үйлерін меценаттық және қайырымдылық тұрғысынан қолдау бойынша «Асар» республикалық әлеуметтік ынтымақтастық акциясы

Версия для печати

Балалар үйлерін меценаттық және қайырымдылық тұрғысынан қолдау бойынша «Асар» республикалық әлеуметтік ынтымақтастық акциясы 2015 жылдың 15 наурызында Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ, Астана қаласының Білім басқармасы мен  Астана қаласының «Балалар үйі» КММ бірлесіп, Балалар үйлерін меценаттық және қайырымдылық тұрғысынан қолдау бойынша «Асар» республикалық әлеуметтік ынтымақтастық акциясын өткізді.

 
Бұл өткізілген акцияның басты мақсаты-Қазақстандағы жетім-жесір балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған өрендерге қайырымдылық көмек көрсету.

Маңызды іс-шараға Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының бас маманы Г. Н. Тайгокова, «Алеф» еврей мәдени орталығы төрағасының орынбасары Н.Н. Горбунов, «Лад» республикалық славян қозғалысы филиалының төрағасы Шепелюк Н.В, «Ахыска» түрік мәдени орталығының төрағасы Пириев А.А, түрікмен мәдени орталығының төрағасы Ходжагердиев Х.А, ҚР ҰҚК офицерлер құрамының төрағасы Давлетов С.Г, Астана қаласы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Салданбаев С.К, «Асуа» ЖШС өкілдері, Астана қаласындағы «Автомотоспорт» федерациясының президенті Бондарь. В мен Астана қаласы Білім басқармасының бөлім бастығы Саркенова К.С. қатысты.

Акция барысында көпшілік Балалар үйіне экскурсия жасап, олардың тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл жерде балалар «Өнер» студиясына қатыса алады. Сондай-ақ, оларға арналған халық аспаптары мен үрмелі аспаптар оркестрі бөлмелері бар. Мұнан өзге, Отбасын қолдауға қатысты арнайы психологиялық қызмет бөлмесі жұмыс жасайды. 

Келген меймандарды  Балалар үйінің тәрбиеленушілері өз өнерлерімен тәнті етіп, ән мен жырдан шашу шашты.

_________________________
Астана қаласы әкімдігінің жанындағы 
«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі.
Тел: +7707-310-53-54
e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.