Бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісін ілгерлету

Версия для печати

2017 жылдың 21 қыркүйек күні Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісін ілгерлету бойынша өңірлік семинардың екінші кезеңі өтті.

Семинарға этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен мүшелері, Жастар ресурстық орталықтарының басшылары мен қызметшілері, «Нұр Отан» партиясы жастар қанатының жетекшілері, Дін істері басқармасының басшылары мен қызметшілері, ҚХА кафедраларының жетекшілері мен мамандары, ҚХА ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері қатысты.

Семинар бағдарламасы дәріс-әңгімелесулер, тренингтер, тәжірибелік сабақтар арқылы ұйымдастырылды.

Дәріс оқығандар:

Е.М.Абулхатин ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті директорының орынбасары;

Қ.М.Қазкенов – «Нұр отан» партиясының Астана қалалық филиалының әлеуметтік бастамаларды талдау мен болжау орталығының жетекшісі, философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі;

Т.В. Мармонтова – ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ Этносаралық қатынастар саласындағы талдау және мониторинг қызметінің басшысы, тарих  ғылымдарының кандидаты;

А.Нұрланқызы – ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ Этносаралық қатынастар саласындағы талдау және мониторинг қызметінің бас сарапшысы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты;

Е.А.Оңғаров – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы діни уағыз-насихат бөлімінің  меңгерушісі, PhD доктор, теолог;

А.А. Пириев – «Ахыска» қазақстан түріктерінің қауымдастығы» ҚБ филиалының төрағасы, ҚХА мүшесі;

Ш.А.Пулатов - Діндерді зерттеу орталықтары қауымдастығының сарапшысы, исламтанушы, кәсіби медиатор, Өзбек этномәдени орталығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі;

Семинар барысында «Өңірлердегі Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі: негізгі бағыттары мен басымдықтары», «Қазақстандық бірегейлікті нығайтудағы діни бірлестіктердің рөлі», «Жастар арасында қазақстандық бірегейлікті нығайту және дамыту», «Этносаралық қатынастар саласын ғылыми-сарапшылық сүйемелдеу» тақырыптарында дәрістер оқылды. «Жастардың әлеуметтік дамуы», «Қазақстан өңірлеріндегі этноәлеуметтік жағдай» тақырыптарындағы видео-ролликтер көрсетілді.

Семинар аяқталғаннан кейін қатысқан барлық тыңдаушыларға сертификаттар тапсырылды.

 

Атырау облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.