Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары жөнінде

Версия для печати

2017 жылдың 2 қазанында елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Астана қаласының дін істері жөніндегі басқармасымен,  «114 - жедел желі» сарапшыларымен, дін мәселелерін зерттеу орталықтары қауымдастығының және мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесе отырып, этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен екінші кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты - халықты деструктивті діни ағымдар туралы ақпараттандыру және экстремизмге, оның барлық көріністеріне қарсы тұруға бағытталған қоғамдық пікірді қалыптастыру.

Кездесу діни экстремизм және терроризмнің алдын алу жөніндегі сұрақтарды қарастыру форматында өтті.

Астана қаласының ІІД-нің экстремизмге қарсы күрес басқармасының өкілдері мен дін мәселелерін зерттеу орталығының өкілдері түсіндіру, кеңес беру форматында жүргізді. Сонымен қатар, іс-шара барысында қатысушыларға қоғамда толерантты діни сананы және радикалдық идеологияға деген иммунитетті асыруға бағытталған бейнеролик көрсетілді.

Терроризм мен экстремизмге қарсы тұрудың айқын факторлары ретінде олардың мемлекет аумағында пайда болуының алдын алу үшін әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени жағдайларды тудыру керек. Сол себепті бұл мәселені шешуге барлық мемлекет пен қоғамда бар мүмкіндіктердің тұтас кешенін пайдалану керек.

Астана қаласының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесу барысында діни сипаттағы негізгі мәселелер талқыланды, кеңес сұрақ-жауап форматында өтті.

Осы ай барысында этномәдени бірлестіктерінің өкілдері және елордалық жастар қанаттарымен тағы үш кездесу өткізу жоспарланып отыр.

Дата события Ассамблеи: 
Сәрсенбі, 4 Қазан , 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.