Достық әуені

Версия для печати

1995 жылдың 18 қазанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды.

Бұл бейбітшілік пен келісім, бірлік пен ынтымақ секілді құндылықтар дәріптелетін мереке. Мемлекет басшысы тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап бірлігі бекем ел болуға үндеп келеді. 

Бүгін 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы – облыс әкімі

Ерлан Жақанұлы Қошановтың қатысуымен «Достық әуені» атты облыстық фестивалі өтті.

Мерейлі мерекеге Қарағанды облысы ҚХА этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Аналар кеңесінің, Қоғамдық келісім кеңесінің, Ғылыми-сараптамалық тобының, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы өңірлік штабының мүшелері, мемлекеттік мекемелердің басшылары,  қала тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.

Мерекелік іс-шара этномәдени бірлестіктердің шеруімен басталды. «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін!» деп ұрандатқан  қатысушылар облыс әкімімен би билеп, ән айтты. Бағдарлама аясында этномәдени бірлестіктердің қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды.  

Барша қарағандылықтарды бірлік пен ынтымақ мерекесімен құттықтаған облыс әкімі мерекенің маңыздылығына тоқталып, жылы лебізін білдірді. Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.