ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Версия для печати

Ағымдағы жылдың 11 қаңтар күні Достық үйінің конференц-залында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сергей Михайлович Ершовпен кездесу өтті.

Сенатор кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы туралы өз ойын ортаға салып, түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және депутаттық корпустың заң жобалау жұмысымен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелеріне қатысты белсенді талқылау болды.

Алқалы жиында Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Полония» Қарағанды облыстық поляк қоғамының төрағасы В.А.Хмелевский және Қарағанды облыстық «Видергебурт» неміс орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы В.Э.Кист сөз сөйлеп, өз пікірлерін білдірді.

Келелі басқосуға Қарағанды облыстық ҚХА этномәдени бірлестіктердің, Ғылыми-сараптамалық тобының, Қоғамдық келісім кеңесінің, Аналар кеңесінің төрағалары мен мүшелері, жастар ұйымдары және БАҚ өкілдері қатысты.

Дата события Ассамблеи: 
Жұма, 12 Қаңтар, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.