Елордалық еңбек ұжымдары кезектен тыс сайлау өткізу бастамасын қолдайды

Версия для печати

2016 жылғы 28 қаңтарда Астанада «Астана Су Арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен «Цесна-Астық» Концерні» ЖШС-де қоғамдық келісім кеңесінің мәжілісі өтті.

Іс-шараға қатысқан Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, Астана қалалық мәслихатының депутаттары, елордалық жоғары оқу орындарының оқытушылары және «Астана Су Арнасы» МКК мен «Цесна-Астық» Концерні» ЖШС еңбек ұжымдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдағы сайлауының мәнмәтінінде, азаматтық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді талқыға салды.

«Астана Су Арнасы» МКК еңбек ұжымы мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу бастамасына қолдау білдірді. Әлеуметтік-экономикалық дағдарыс жағдайында биліктің барлық тармақтарының үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етуші негізгі фактор ретіндегі сайлау туралы «Астана Су Арнасы» МКК бас директорының орынбасары Арман Данаев айтты: «Әлемдік тәжірибеде әлеуметтік-экономикалық дағдарыс жағдайында биліктің барлық тармақтарының үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету саласында көптеген ұйымдастырушылық, экономикалық шешімдер бар. Сондай шешімдердің ең тиімдісі – сайлау».

Ол сондай-ақ сайлаудың әділ  өтуіне баса көңіл аударды: «Дүниежүзінде сайлау өткізу барысында жариялылық қағидатының рөлі зор. Сайлау комиссияларының жұмысы барынша ашық және мөлдір болуы тиіс». Арман Данаев өз ойын Елбасының «Біздің мақсатымыз ортақ – ол еліміздің амандығы» деген сөзімен тұйықтай келе, 20 наурызда сайлау бөлімшелерінде қазақстандықтар жарқын болашақа дауыс беру арқылы осы сөзді дәлелдейтініне үміт білдірді.

Шетелдік және еліміздің сарапшыларының пікірі бойынша, кезектен тыс сайлау – барша халық пен мемлекеттік органдардың, Үкімет пен Парламенттің дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруына көңіл аудартатын басты шарт болып табылады. Осы жөнінде толығырақ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, археология факульетінің аға оқытушысы Татьяна Кошман айтты: «ҚР Парламенті Мәжілісінің үш фракциясының өкілдері ұсынған мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы бастама – саяси кемел әрекет. Кезектен тыс сайлау – біріншіден, Елбасы саясатын бүгінгі жағдайда сәтті іске асырудың кепілі. Қазіргі уақыттағы заң шығарушы орган – бұл мемлекет стратегиясын дамытудың басты тетігі әрі ел дамуының іргетасы. Бүгінгі таңда ҚР Парламентіне белсенді, жұмысқа қабілетті әрі бастамашыл халық өкілдері мен заң шығарушылар қажет. Сол себепті, қазақстандықтар дұрыс шешім қабылдағанына сенімді болып, мемлекет пен жергілікті атқарушы органдардың басында кімді көргілері келсе, сол адамға дауыс берулері керек».

Сонымен қатар, Татьяна Кошман азаматтық біртектілік туралы сөз қозғады: «Қазақстан – көпұлтты ел. Онда жүз отыздан астам этникалық топ пен ұлт өкілдері тұрады. Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы елдегі этносаралық бейбітшілік пен келісімнің сақталуына орасан зор үлес қосып отыр. Қазақстан өз жеріне түрлі этникалық топ өкілдерін қабылдады, міне, бүгінгі таңда біз бәріміз біртұтас Қазақстанның азаматтары болып табыламыз. Елбасымыз болашағы біртұтас ел қалыптастыру қажеттігі туралы айтқанда, бұл ең алдымен, азаматтық біртектілігімізді  қалыптастыру туралы айтқаны. Айналамыздағы оқиғалардан тыс қалуға болмайды. Ұлтқа, этникалық топқа, діни сенімімізге және басқа да ерекшеліктерімізге қарамастан, өзіміздің белсенді өмірлік ұстанымымызды көрсетуіміз қажет».

Мәжілістің модераторы, Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Астана қаласы қоғамдық келісім төрағасының орынбасары Ләззат Құсайынова өз кезегінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы толығырақ айтып берді.

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі Астана қаласы әкімдігінің консультативті кеңесші органы болып табылады. Кеңестің негізгі міндеті қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту мақсатында азаматтық қоғам институттарының, саяси және үкіметтік емес ұйымдардың басқа бірлестіктердің басын бір арнаға біріктіру, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің біртұтас тәсілдерін әзірлеу, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру, Жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.

«Цесна-Астық» Концерні» ЖШС бас директоры Владимир Лихтей өз сөзінде мерзімінен бұрынғы сайлауды өткізу, елдің саяси өмірінде ғана емес, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы үшін де маңызды екенін атап өтті. «Мерзімінен бұрынғы сайлау – заң шығарушы биліктің тұрақты әрі тиімді қызметін қамтамасыз етуші құрал. Бұл шешім неліктен маңызды? Біріншіден, біз бүгін тыныш жағдайда жаңа заңды парламент сайлай аламыз және саяси партияларға қаншалықты сенетінімізді тексереміз. Екіншіден, бүгінгі қалыптасқан экономикалық, саяси жағдайларда қоғам өз таңдауы арқылы өзінің талаптарына жауап беретін саяси көшбасшыларға жол ашады. Үшіншіден, сайлау – ел басқару өкілеттілігі халық құқығына берілетін маңызды тетік екенін түсінеміз. Сол себепті, қоғам сайлау арқылы өз қалауы мен талаптарын айтады. Сөйтіп, болашақ дамуының векторын анықтайды», - деп сөзін қорытындылады В.Лихтей.

Қазақстандағы парламентшіліктің түйткілді мәселелері мен келешгі туралы «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» директорының орынбасары Нелли Шиврина айтып өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2016 жылғы 20 наурызға тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

   

___________________________

Астана қ. Әкімдігінің жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі:

тел. +7707-310-53-54

WhatsApp - 7707-310-53-54

E-mail: adelya-solnce89@mail.ru

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.