Этномәдени орталықтар-этносаралық қарым-қатынас жүйесінің медиаторы

Версия для печати

Астанада  Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі міндетіне жататын медиацияны жүзеге асыруға бағытталған «Этномәдени орталықтар -этносаралық қарым-қатынас жүйесінің медиаторы» деген тақырыпқа  «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Оның барысында этномәдени бірлестіктердегі медиатор әлеуетін арттыру мәселесі қаралды. Іс-шараны ұйымдастыруға бастамашы болған Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Аталған «дөңгелек үстел» барысында этномәдени бірлестіктер өкілдері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, ғалымдар, әлеуметтік жанжалдардың пайда болуын зерттеушілер және журналистер кең ауқымдағы сұрақтарды қарастырып, пікір алмасты. Соның бастылары ретінде  ЭМБ ішкі ресурсын жандандыру мәселесі қаралып, оның қоғамдық-саяси шиеленіс ошақтарын және әлеуметтік жанжалдардың пайда болуын анықтаудағы әлеуетіне басымдық берді. Бұл тұста этномәдени бірлестіктердің этносаралық дау-жанжалдардың алдын алуы  мен оларды ескерту мүмкіндігі сөз болды. Сондай-ақ, медиаторлар қызметінің теориялық және әдістемелік қырлары, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қызметінің ара жігін ажырату мен оларға қатысты нормативтік-құқықтық мәселерді реттеу жайы, қазіргі медациялық құралдар мен басқа да өзекті сұрақтар қаралды.

Жиынды ашқан Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Әбілдинов қазіргі кезде Ассамблея қызметіне белсенді енгізілген медиацияның құқықтық тиімділігіне айрықша басымдық беріп, оның қоғамдағы рөлін жан-жақты ашып көрсетіп берді. «Бүгінгі күні Ассамблеяның негізгі бағыттарына жатқызылған қайырымдылық пен Қоғамдық келісім кеңесі институтын дамытуға айрықша басымдық берілген. Бұл жерде медиация этоносаралық қарым-қатынас жүйесін реттеуші ретінде осы жұмыстардың сәтті жүзеге асуына айрықша ықпал жасайды» - деді Бақытжан Әбілдинов.

«Дөңгелек үстел» жұмысына қатысушылардың басым бөлігі медиация мәселесімен шұғылданатын ҚХА және қоғамдық бірлестіктерді, үкіметтік емес ұйымдар мен құрылымдардың өзара әрекеттестігін құрылымдау қажеттігіне ерекше  екпін беріп өтті. Сондай-ақ олар маңызды ғылыми және әдістемелік өңдеулерге маңыз беріп, оның қорытындыларын қазіргі медиация механизміне енгізу мәселесін сөз етті. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, саяси ғылымдар кандидаты  Елена Щелокова жастар аудиториясына бағытталған бірқатар ғылыми-зерттеу жобаларының жүзеге асырылу барысын хабарлады. «Бүгінде Қазақстандағы  барлық 14 пен 29 жас аралығындағы жастарды салыстырмалы түрде алғанда, олар халықтың жалпы  үлесінің 27,8 пайызын (4,5 миллионнан аса адам) құрайды. Олар осы жастық шағында адам өмірінің негізгі кезеңіне қатысты әлеуметтік және демографиялық жағдайлармен бетпе-бет келеді: ол бағдарлардың бастысына жататын білім және білім алу, мамаңдық таңдау, қоғамды әлеуметтендіру, негізгі қарым-қатынасты қалыптастыру, рухани қағидаттар.  Жастар осындай әлеуметтік және азаматтық кезеңдерден өту барысында оларға өзге бұйымдар көбірек ықпал етеді. Әсіресе жастар эсктремистік және өзге де бүлдіргіш күштер ұйымдары тарапынан болатын идеологиялық шабуылдар алдында қорғансыз» - деді сөз орайы барысында Елена Щелокова.

«Дөңгелек үстел» қатысушыларына «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы және ұйымдастырушысы Назым Төлекеева РҚБ өткізген жұмыстар туралы атап өтіп, оның бүгінде Қазақстан аймағының 12 өңірінде өкілдіктері бар екенін және медиаторлардың ықпалымен 5 мыңнан аса медиациялық рәсімнің өткізілгенін тілге тиек етті.  

2014 жылы «Қазақстандағы әзербайжандар мәдени орталығы одағы» жанынан құрылған  «Келісім» медиация орталығы заңды тұлға бірлестігінің жетекшісі Гүлмира Нарбаева өз жұмыс тәжірибесі туралы ой бөлісті.

«Дөңгелек үстел» жұмысының қорытындысы бойынша материалдар жинағын басып шығару жоспарланып отыр.

   

 

______________________

Астана қаласы әкімдігі жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі:

тел. 24-98-56/ +7707-310-53-54/ +77071305659

WhatsApp - 7707-310-53-54/ +77071305659

e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.