Халық ойындары фестивалі өткізілді

Версия для печати

2015 жылғы 24 желтоқсанда елордадағы №56 мектепте Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы мен Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен, Тәуелсіздік күні және Ассамблеясының 20 жылдығы құрметіне байланысты халық ойындары фестивалі (бұдан әрі - фестиваль) өткізілді.

Халық ойындары фестиваліне өзара команда болып жасақталған 5-6 сынып оқушылары қатысты. Бұл іс-шараны ұйымдастырушылар қазақ, белорус, татар мен орыс халқының ұлттық ойындарына басымдық берді. Жарысқа қатысушы өрендер «картоп егуден» өз ептіліктерін сынға түсірді. Ал татардың ұлттық ойыны «жұмыртқа алып жүгіру» өте тартысты өтті. Сондай-ақ, оқушылар фестиваль қорытындысында қазақтың ұлттық ойыны «арқан тартудан» күш сынасты.

  

Фестивальге қатысушыларға Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының өкілі Галина Кобзева жылы лебізін білдіріп, оларды Тәуелсіздік күні және алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сабақты жақсы оқуларына тілектестігін білдірді.

Фестивальді ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара этностардың ежелден келе жатқан әлеуметтік-мәдени мұрасын жаңғырту арқылы оның сақталуына ықпал жасауды көздейді. Осы арқылы Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық ұлттардың тарихы мен мәдениетінің және тілінің сақталуына негіз қаланады. Жалпы, басты мақсат - еліміздегі этникааралық қарым-қатынас мәселесін нығайтып, жас ұрпақты рухани-адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеу.

  

«Біздің басты мақсатымыз - жас ұрпақты саламатты өмір салтына бейімдеп, оларды шыңдайтын жаңа әдістерді кеңінен қолдану. Әрі ұлттық ойындарды дәріптеу арқылы оның келешекте жастар арасында сабақтастығын табуына ықпал жасау. Біз осы халық ойындары фестивалін ұйымдастырушылар Қазақстанда тұрып жатқан әрбір ұлттың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің жаңғыруына басымдық бере отырып, келешекте оның одан әрі дамуына ұдайы мән беретін боламыз. Бұл - біздің алға қойған басты ұстанымымыз»,-деді Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ қоғамдық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Аделия Тухбатова жас өрендерді жетістіктерімен құттықтау сәтінде.

 

Фестивальге қатысушылар және барлық жанкүйерлер бағалы сыйлықтармен және мадақтама қағаздармен марапатталды. Ал өз кезегінде мектеп басшылығы жаңа жыл қарсаңында маңызды іс-шара өткізген ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

_____________________________

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

тел: +7707-310-53-54

WhatsApp-8-777-310-53-56

e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.