Халық ойындарының II фестивалі

Версия для печати

27 маусымда елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Елорда күні және  «ЭСКПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесіне байланысты халық ойындарының II фестивалі болып өтті.

Аталған іс-шара мектеп жасындағы балалардың демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру, саламатты өмір салтын насихаттау, спорт пен халық шығармашылығына баулу және өскелең ұрпақтардың сана-сезімін өрістетіп, оларды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатымен ұйымдастырылды.

7-14 жас аралығындағы жеткіншектер  арасында болған байқау «Жас қанат» клубының ауласында өткізілді. Елордадағы мәдени-спорт орталығының тәрбиеленушілері спорттық-ойын-сауық іс-шарасына белсенді қатысты. Сонымен бірге, қалалық байқау бағдарламасында жалпы интерактивтік, ұлттық ойындар мен байқауға қатысты тартысты сайыстар болды.

Өзара бөлінген «Бәйтерек», «Алға», «Жұлдыздар айқасы» және «Жарқын жұлдыз» командалары «Арқан тартыс», «Күміс алу», «Бәйге» мен «Көтермек» сайыстарынан күш сынасты.

Ежелден тамыры тереңге жайылған халық ойындары уақытша өзгерістерден өткенімен, оның қоғамдық маңызы аса ерекше. Ол әр уақытта өзінің тәрбиелік, спорттық, эстетикалық, коммуникативтік және басқа да қоғамдық маңызын жоғалтқан жоқ.

Іс-шара жүргізушілерінің мерекелік бағдарлама бойынша ұйымдастырған вокальды музыкалық шығармашылығына көрермендер ерекше ықыласпен қол соқты. Бұл ретте хореографиялық және акробатикалық нөмерлерді орындаған жас гимнастшылардың  шеберлігіне жұртшылық тәнті болды.

Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Б.С. Әбілдинов команда капитандарын марапаттау барысында барлық жұртшылықты алдағы мерекемен құтттықтап, игі тілегін жеткізді: «Қалалық байқау өскелең ұрпақтарды ұлттық мәдениетке,саламатты өмір салтына белсенді түрде баулуға бағытталған»,-деді ол.

Дәстүрге айналған балалар мерекесі этностардың мәдениетіне қызығушылық тудырып, айналаны әсем күлкі мен жарқын үнге бөледі.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.