ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУШЫЛАР МЕН ТӘЛІМГЕРЛЕР КЛУБЫ ҚҰРЫЛДЫ

Версия для печати

Ағымдағы жылдың 29 қараша күні Достық үйінің конференц-залында Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қайырымдылық жасаушылар мен тәлімгерлер клубының алғашқы отырысы өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың 12 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының даму Тұжырымдамасына (2025 жылға дейінгі) еліміздегі қайырымдылық шараларының дамуын үйлестіру ҚХА жұмыстары бағыттарының бірі болып табылатындығы атап көрсетілді.

Алқалы отырысты жүргізген Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының басшысы Е.Б.Құсайын: «Мәңгілік Ел»жалпы ұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыру барысында Қарағанды облысы ҚХА бастамасымен қайырымдылық пен тәлімгерлікті дамытуға баса назар аударылып келеді, осыған орай, тиімді жұмыс атқару мақсатында Қарағанды облысы ҚХА жанындағы қайырымдылық жасаушылар мен тәлімгерлер Клубын құру жоспарланған болатын, бүгінгі жиын игі бастаманың нақты іске асқанын айғақтайтындығын атап өтті.

Клуб құрамына аймақтағы 23 ірі және белсенді меценаттар мен қолжомарт жандар мүше болды.

Аталған шарада Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қайырымдылық жасаушылар мен тәлімгерлер клубының ЕРЕЖЕСІ талқыланып, қайырымдылық жолында жасалған жұмыстар мен осы мәселені дамыту бағытында, алдағы уақыттағы атқарылатын жұмыс жоспары нақтыланды.

Отырыс барысында клубтың төрағасы болып «КазПласт» ЖШС директоры С.Н.Водько, ал төрағаның орынбасары болып жеке кәсіпкер М.Р.Кадырова бірауыздан сайланды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 8 желтоқсанда Астана қаласында өтетін, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» акциясын қорытындылайтын республикалық съезіне клуб құрамынан қатысатын мүшелері анықталды.

Казіргі кездегі күрделі экономикалық ахуалға қарамастан, қайырымдылық жасайтын азаматтардың қатары көбеймесе, азайған емес. Жаһандық дағдарыс жағдайында, халыққа демеу болып, оларға қолұшын беруге ұмтылатын жандардың өсе түсуі көңілге қуаныш ұялатады.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.