Қазақстан этностық театрларының ІV Республикалық фестивалі

Версия для печати

 

2017 жылғы 8 шілдеде   Оқушылар сарайында  Қазақстан этностық театрларының V Республикалық фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, мелекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері, шығармашылық саланың зиялылары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Іс-шараның мақсаты - елдегі мәдени және тілдік алуан түрлілікті сақтау, этнос  аралық толеранттылықты нығайту, Қазақстан халқының мәдениетаралық диалогын одан әрі дамыту.

Фестиваль 2017 жылдың 8 мен 12 шілдесі аралығында Астана қаласында өтеді.

Фестиваль аясында Астана қонақтары мен тұрғындары Республикалық академиялық неміс драма театры, республикалық академиялық Корей музыкалық комедия театры, Қ.Қожамияров атындағы республикалық академиялық музыкалық комедия театры, Астана Жастар театры, Ақмола облыстық орыс драма театры, Оңтүстік Қазақстан облыстық Өзбек драма театры, Астана қаласы әкімдігінің М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры орындауындағы Ә.Кекілбаев, А.Отсровский, Л. Соловьев, И.В.Гете, Цой Ен Гын секілді танымал авторлардың туындыларын тамашалай алады.

12 шілдеде сағат 19.00-де Оқушылар сарайында Қазақстан этностық театрларының V Республикалық фестивалінің жабылу салтанаты мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді. 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.