ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ

Версия для печати

 

2017 жылғы 16 маусымда «Жұмбақтас» қонақ үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыс барысында ҚХА қызметін рухани жаңғыру мәнмәтінінде ғылыми-сараптамалық тұрғыда сүйемелдеудің тұжырымдамалық және әдіснамалық  мәселелері, Ассамблея кафедраларының жұмыс тәжірибесі мен өзекті міндеттері, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің 2016 жылдағы ғылыми зерттеулерінің қорытындылары  қарастырылып,  келешектегі жұмыс жоспарларына түзетулер енгізілді.

Іс-шараға ҚХА, Ғылыми-сараптамалық кеңестің мүшелері, ғылыми-сараптамалық топтар мен Ассамблея кафедраларының жетекшілері, мемлекеттік органдар мен жоғарғы оқу орындарының ө кілдері қатысты.

Кеңес отырысына қатысқан ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай өз сөзінде: «Ұлттың рухани жаңару үдерісі ғылыми ізденістер мен кең қоғамдық пікірталас үшін жағдай жасайды. Бұл жағдайда Сіздер қоғамдық, кәсіби жұмыстағы тәжірибесі мол ғалымдар мен сарапшылар ретінде үлкен рөл атқарасыздар. Бейбітшілік пен келісімді сақтау және бірлікті нығайтудағы сіздердің еңбектеріңізге тағы да алғыс айтқым келеді», - деді.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.