Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобымен елорда этномәдени бірлестіктері басшыларының кездесуі

Версия для печати

 

2017 жылғы 30 наурызда «Маржан» бизнес орталығында Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарымен елордамыздағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері кездесіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметіне қатысты өзекті сұрақтар мен тапсырмаларды бірлесіп талқылады.

Талқылауға елордалық ҚХА мүшелері, ғылыми-сарапшылық тобы, қоғамдық келісім кеңесі мен аналар кеңесінің өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында депутаттық топ «Маржан» бизнес орталығында орналасқан 11 этномәдени орталықтың кеңсесіне арнайы келіп, ЭМО қызметімен және олардың жағдайымен танысты.

Кездесудің негізгі бөлігі брифинг үлгісінде өткізіліп, онда қоғам дамуындағы өзекті тапсырмаларды шешуде Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін нығайту, Республика Парламенті мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өзара ынтымақтастығын қамтамасыз етудің негізгі бағыты, этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды үйлестіру саласындағы мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының мәселелері талқыланды.

Атқарылған жұмыстар мен жетістіктер, сондай-ақ ҚХА депутаттық тобының алдағы жоспарлары туралы ҚХА депутаттық тобы басшысының орынбасары Ю. Е. Тимощенко айтып берді. Оның мәлімдеуі бойынша, ағымдағы жылы депутаттық топ тиісті министрліктердің азаматтық бірегейлікті нығайтуға бағытталған «Менің елім» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыруға, «Үштұғырлы тіл» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыруға, «бес институционалдық реформаны» жүзеге асыруға және оны ақпараттық тұрғыдан қолдауға қатысты тыңдауын жоспарлаған.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Б.К. Божко қоғам дамуындағы өзекті сұрақтардың негізгі шешілу бағыты мен ҚХА депутаттық тобының ҚР Конституциясына енгізген өзгертулері туралы түсініктеме берді. Конституцияға енгізілген өзгертулерге сәйкес, ұлтаралық, конфессияаралық алауыздықты қоздырғаны үшін жауапкершілік күйшейтілген. Өйткені, бұл екеуі біздің еліміздегі азаматтық бейбітшілік пен келісімді үйлестіруші ретінде аса басымдыққа ие.

«Қазір біз сайлаушылар мен атқарушы билікке қатысты Парламенттің халықпен кері байланыс орнатушы ретіндегі рөлін күшейтуге бағытталған заңдарын аламыз. Осылайша, сіздер біздер арқылы Ассамблея өкілдері күн тәртібіндегі өзекті сұрақтарды шешуге байланысты мәселені қоя аласыздар»,-деп атап өтті баяндамашы.

Сонымен бірге, этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне өздерін толғандырып жүрген сұрақтар, ұсынымдар мен ұсыныстар бойынша депутаттарға сауал қоюға мүмкіндік берілді.

Кездесуді қорытындылаған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының бірінші орынбсары Дархан Қамзабекұлы Мыңбай бүгінгі күні нақты мақсаттар мен тапсырмаларды анықтауға мүмкіндік болғанын атап

өтті. Депутаттық топ аталған сұрақтарды белсенді шешуге әрекет жасай білді. Ал алдағы уақытта барлығы тиімді жұмыстың нәтижесін күтеді және маңызды мақсаттарға жету үшін осындай кездесуді ұйымдастыруды жүйелеу қажет.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.