Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының тұсаукесері

Версия для печати

19 маусымда Бурабай курорттық кентіндегі Абылайхан алаңында қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша өткізілетін республикалық лекторий шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында бастамашылық жасалған ҚХА-ның «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының салтанатты рәсімі өтті.

«Қазақтану» жобасы Қазақстан этностарының арасында қазақ халқының тарихын, дәстүрлерін, гуманитарлық және адамгершілік принциптерін дәріптеуге бағытталған.

Жобаның басты мақсаты — қай этносқа жататынына қарамастан, барша қазақстандықтардың ортақ мәдени кодының, біртұтас құндылықтары мен жалпыұлттық тарихи санасының негізінде халықтың бірлігін нығайту.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Л. Прокопенко, Ақмола облысы әкімінің орынбасары А. Мүсірәлімова, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, т.ғ.к. Б. Әбдіғалиев, Мемлекет тарихы институтының директоры, еліміздегі жетекші институттардың ғалымдары, қоғам қайраткерлері, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, мемлекеттік органдар, республикалық жастар бірлестіктері, жоғары оқу орындары, Қоғамдық келісім кеңестері, Аналар кеңестері, және ҚХА кафедраларының өкілдері қатысты.  

Салтанаттың алғы сөзін бастаған Леонид Прокопенко: «Біздің бүгін «Қазақтану» жобасын Абылайхан алаңында таныстырып, тұсауын кесуіміз тегін емес, Абылайхан кезінде үш жүздің басын қосқан тұңғыш хан болған. Сол сияқты біздің де жобамыз бірлікте жүзеге ассын деген ниеттеміз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында туындап отырған жоба Қазақстанның әр азаматына қазақ халқының дархандығын, кең пейілділігін, жаңашылдыққа тез бейімделгіштігін, сенім мен достыққа адалдығын танытары сөзсіз», — деді.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары А. Мүсірәлімова келушілерді құттықтап, жобаның тұсау кесу рәсімі шынайы болуы үшін кішкентай Мұхамедтің тұсауын Л. Прокопенкоға кестіртті.

Жалпы жобаға қазақстандық жастарды жұмылдыру көзделген болатын. Рәсім барысында «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысы төрағасының орынбасары Т. Жұмырбаев Ассамблея туын асқақтата көтеріп, «Қазақтану» жобасының жастарға бірінші кезекте қазақ халқының бай мәдениетіне, тарихы мен салт-дәстүріне, ғасырлар бойы көшпенді болған қазақ пәлсапасына зер салу керек екендігін, жаһандану кезеңінде жаңа жобаларды қолдап, жаңалықтарға батыл қадам жасау керектігін айтты.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша assemblykz.2016@gmail.com мекен-жайына хабарласыңыз.

Дата события Ассамблеи: 
Сейсенбі, 19 Маусым, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.